СК-Фармация

Жаңалықтар

Дәрілік қамтамасыз ету әлі де Денсаулық сақтау министрлігінің ерекше бақылауында
18 маусым 2018
Дәрілік қамтамасыз ету әлі де Денсаулық сақтау министрлігінің ерекше бақылауында

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы базасында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен дәрілік қамтамасыз ету саласындағы проблемалық мәселелер бойынша селекторлық мәжіліс өтті. Мәжіліске денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп қатысты.

Бірыңғай дистрибьютор тарапынан дәрілерді үнемі жөнелтуге қарамастан емханаларда дәрілердің жоқтығына қатысты шағымдар дәрілік қамтамасыз ету процесіне тартылған барлық тараптардың назарын талап етеді. Мәжіліс барысында жеткізудегі үзілістердің себептері талқыланды.

Мәжіліс барысында Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов Бірыңғай дистрибьютор маусым айына препараттарды жөнелтуді аяқтағанын және шілде айына, ішінара тамыз айына қажеттілікті жеткізуді бастағанын мәлімдеді. Сондай-ақ қалалық денсаулық сақтау басшысы пациенттердің бір уақытта дәрілерді тіркеуі бойынша және нақты тұрып жатқан мекен жайы бойынша алу фактісі туралы хабарлады. «Мұндай фактілер бүкіл ел бойынша бірегей емес және бұл басқа пациенттердің қамтамасыз етілмеуіне және мембюджеттке салмақ әкеледі», - деді Серікбол Мусинов.

Елжан Біртанов мұндай фактілерді жою үшін маусым айының соңына дейін диспансерлік науқастар Тіркелімі, тіркелген халық Тіркелімі, сондай-ақ Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі ақпараттық жүйелерін біріктіруді аяқтауды тапсырды. Бұл атауландырылған есепті жүргізуді, оларға рецептілерді жазып беруді және тиісті препараттарды алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі бірыңғай дистрибьюторға әкімдіктер келісімі бойынша облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен ұсынылған қосымша өтінімдермен қамтамасыз ету үшін сатып алу рәсімі нәтижесі бойынша қалыптасқан үнемдеу есебінен  алынатын дәрі-дәрмектерді сатып алу рәсімін тездетуді тапсырды. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету мәселесі ведмоство басшысының жеке бақылауына алынады.

Министр дәрілік қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын уақытылы игеруге тиісті бақылау жүргізуді тапсырды.

Дереккөз: ҚР ДСМ Баспасөз қызметі