СК-Фармация

Тарих

2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымында «СҚ-Фармация» компаниясын құру туралы шешім қабылдады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 134 қаулысы).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы №516 қаулысымен «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүз пайыз қатысу үлесін иемдену және пайдалану құқықтары ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берілді. 

Бірыңғай дистрибьютор жүйесі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмек заттарымен қамтамасыз ету және тең құқылы серіктестік жағдайында жеке және мемлекеттік секторлардың күш-жігерін біріктіру жолымен ҚР-да фармацевтикалық саланы дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған.

Бірыңғай дистрибьютор қызметінің негізгі бағыттары:

  • Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрі-дәрмек заттарын сатып алу жөніндегі ашық сауда-саттық ұйымдастыру;
  • Тиісті дистрибьюторлық тәжірибелер және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауды ұйымдастыру;
  • Мемлекеттік медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектердің және медициналық мақсаттағы бұйымдардың логистикасы үдерістерін ұйымдастыру;
  • Бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші және жеткізуші логистикасы үдерістерін біріктіру үшін, айналым, тауарлық қалдықтар туралы өзекті ақпарат алу үшін ақпараттық жүйе құру.

Компания Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды.

2012 жылдан бастап «СҚ-Фармация» ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алудың, сондай-ақ оны одан әрі қаржылық лизинг шартымен денсаулық сақтау ұйымдарына берудің ұйымдастырушысы болып табылады.

Медициналық техниканы орталықтандырып сатып алу функциясының берілуіне байланысты, «СҚ-Фармация» ЖШС-ның алдына республика шеңберінде орталықтандырып сатып алу және екі кезеңдік тендер рәсімін қолдану есебінен құнын төмендету, сатып алынатын жабдықтың сапасын одан әрі арттыру және оның жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету міндеті қойылған.