СК-Фармация

Отандық тауар өндірушілермен ДЗ мен ММБ жеткізудің ұзақ мерзімді шарттар

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 77-бабына сәйкес Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды (бұдан әрі – ДЗ мен ММБ) сатып алудың негізгі қағидаттарының бірі қазақстандық фармацевтикалық нарықты дамытуға жәрдемдесетiн отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады.

Заңнамалық деңгейде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды,  профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі  (бұдан әрі – Ереже) отандық тауар өндірушілерді қолдау өндіруші шарт бойынша міндеттемелерін уақтылы және сапалы орындаған жағдайда болашақта оның дайын өнімін сату үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде өндірушіге фармацевтикалық нарығының белгілі бір орнын қамтамасыз ететін, соның ішінде 10 жылға мерзімге дейін ұзақ мерзімді жеткізу шарттар жасасу түрінде ұсынылған.

Бүгінгі күнде Бірыңғай дистрибьютор 31 отандық тауар өндірушілермен дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 1659 (1097 ДЗ және 562 ММБ) атауларын жеткізу (тізім төменде орналастырылған) 52 ұзақмерзімді шарттар жасалды.

Жыл сайын Бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді жеткізу шарттар бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде, Ережемен қойылған талаптарын орындау жағдайда, отандық тауар өндірушілермен келесі қаржы жылына қосымша келісім жасасу арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.

Бүгінгі күні жеткізуді жүзеге асыратын отандық тауар өндірушілерінің өндірілген ДЗ мен ММБ сату бойынша фармацевтикалық нарығының құрамы мынадай пайыздық түрде ара қатынаста ұсынылады.

2017 жылы отандық тауар өндірушілерден  399 дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар  сатып алынған.

2017 жылғы деректер бойынша ДЗ және ММБ елдер бөлінісінде сатып алу

2017 жылы 2 мамырда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Бірыңғай дистрибьютерден сатып алуға жататын медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша 2017 жылға арналған екі кезеңді  тендер қорытындысына сәйкес (1лот) отандық тауар өндірушімен медициналық масаттағы бұйымдарды  ұзақмерзімді жеткізу шарты жасалды.

Конкурс қорытындысының нәтижесінде 2017 жылдың 2 тамызында отандық тауар өндірушілермен 870 ұстаным бойынша (523 ДЗ, 347 ММБ) жеткізудің 23 ұзақмерзімді шарты жасалды. Ол фармацевтикалық өнімге кепілдік берілген он жылдық мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бар өндірісті жаңғыртуға немесе жаңасын іске қосуға мүмкіндік береді. 

Жобаның жалпы жеткізу мерзімі 2022 жылдан кеш емес. 2017 жылы 2 желтоқсанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Бірыңғай дистрибьютерден сатып алуға жататын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша 2018 жылға арналған екі кезеңді  тендер қорытындысына сәйкес (484 лот) отандық тауар өндіруші "Нобел АФФ" АҚ 2 атау бойынша дәрілік заттарды жеткізудің  ұзақмерзімді шарты жасалды. Осылайша 2017 жылы барлығы 25 ұзақ мерзімді жеткізу шаты жасалды.

Отандық өндірушілермен жасалған ДЗ мен ММБ ұзақ мерзімді шарттардың тізімін мына жерден көшіре аласыз

ОТӨ-лер «СК-Фармация» ЖШС-мен жасасқан ұзақ мерзімді шарттар