ОТӨ-лер «СК-Фармация» ЖШС-мен жасасқан ұзақ мерзімді шарттар



JULDYZ KENAN CO.,LTD - қазақстандық компания, негізде 1993 жылдың 24 желтоқсанда тіркелген. Заңды мәртебе - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік, жас кәсіпкерліктің субъекті деп болып табылады.

SANTO Member of Polpharma group сауда белгісімен «Химфарм» АҚ-ы қазақстандық фармацевтикалық өндірушілердің арасындағы көшбасшы болып, қазақстандық дәрілік заттар нарығының 40%-дық көлеміне ие. Компанияның тарихы 130 жылдан асады. Қазақстан Республикасындағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттардың үштен бірінің астамы «Химфарм» АҚ-мен өндіріліп, жеткізіледі.

«Султан» ЖШС 1999 жылдан бастап отандық фармацевтикалық өнім өндірісімен айналысады.
2004 жылдың 13 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 1438 «2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына сай біз 2006-2012 жылдар аралығында Алматы облысының Талғар ауданында фармацевтикалық өндірісті құрдық.

«BIRUNIFARM» («БИРУНИФАРМ») ЖШС фармацевтикалық кәсіпорыны 2009 жылы құрылды, 2010 жылғы маусымда Алматы қ. әкімі А.С.Есімов Қазақстан Республикасы Президентімен болған телекөпір уақытында өндірістік желілерді іске қосты.

«Dolce» және «Dolce-Pharm» компанияларының фармацевтикалық өндірістік-коммерциялық бірлестігі 1998 жылы құрылды.

2011 жылдың басында «Super-pharm» ЖШС басшылығы Жамбыл облысында медициналық мақсатта қолданылатын бір реттік тоқылмаған материалдан жасалған стерилді және тануға арналған бұйымдар өндіретін зауыт ашуға шешім қабылдады.

Кәсіпорын 2000 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасында импортты алмастыру саясатының шеңберінде құрылды.

«Алмерек» ЖШС – дәрілік заттар, медициналық мақсаттадағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге бағытталған және көтерме/бөлшектеп сататын, 2003 жылы құрылған Қазақстандық фармацевтикалық компания.

«ВИВА Фарм» ЖШС өз қызметін дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшектеп сату бойынша қызметті жүзеге асырушы фармацевтикалық компания ретінде 1999 жылы бастады.

Қазақ фармацевтикалық компаниясы «Медсервис Плюс» - Қазақстанда дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ірі ұлттық дистрибьюторы.