СК-Фармация

ОТӨ-лер «СК-Фармация» ЖШС-мен жасасқан ұзақ мерзімді шарттар

2006 жылдың сәуірінде Компания Алматы қ.Түрксіб ауданында жер телімін сатып алған болатын, ал 2007 жылдан бастап GMP халықаралық стандартының талаптарына сәйкес Өндірістік телімге арналған ғимаратты жобалау мен құрылыс жұмыстары басталды, оған Украинадан мамандар тартылды.

Қуаты жылына 200 млн. таблетка болатын өндірістік телім 2010 жылы пайдалануға берілді.

2014 жылы қатты дәрі-дәрмек түрлерінің Өндірістік телімінің дәрі-дәрмектер айналымы саласындағы «Тиісті өндірістік тәжірибе» ҚР СТ 1617-2006 мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінінің Тұжырымдамасын алды.

«ВИВА Фарм» ЖШС өз өнімін бөлшектеп сату желісіне де, сондай-ақ стационарлық және амбулаторлық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін де жеткізетін серпінді дамып келе жатқан өндірістік компания болып табылады.

Бүгінгі таңда компанияда Өндірістік телімде, акредиттелген физикалық-химиялық микробиологиялық зертханаларда, дәріханалық қоймаларда, кедендік уақытша сақтау қоймаларында, дәріханаларда, маркетинг департаменттерінде; «ВИВА Фарм» ЖШС регуляторлық қолдау қызметінде еңбектенуші фармацевтикалық саланың 138 маманы жұмыс істейді. Аталған құрылымдар шеттегі ұйымдарға да қызмет көрсетеді.

Компанияның Өндірістік телімінің негізгі мақсаттары:

1. Емделушілердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін өндірістегі жоғары мәдениетті кәсіпорын болу;

2. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ірі фармацевтикалық өндірістердің бірі болу;

3. Қазақстанның фармацевтикалық нарығында шетелдік өнім аналогтарының орнын басуға жарамды сапалы, тиімді және қауіпсіз дәрі-дәрмектер шығару.

Компания жоспарында қатты дәрі-дәрмектерді шығару өндірісін кеңейтумен қатар, басқа жоғары технологиялы дәрі-дәрмектерді өндіру бар, ол үшін өндірістік қорды кеңейту бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.

Компания жұмыстың әрбір сатысында қызмет көрсету мен бақылау сапасын жақсарта отырып, халықаралық стандарттар мен талаптарды ұстануға ұмтылады. Компания өзінің қызметкерлерін, бизнес-серіктестерін, өнім берушілер мен өз өнімін тұтынушыларды бағалайды және құрметтейді, олар үшін өз ісінде нақтылық пен адалдықты қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда "ВИВА Фарм" - бұл:    

  • қуаты жылына 200 млн. таблетка мен капсула өндіретін заманауи фармацевтикалық өндіріс;
  • кәсіби қызметкерлер командасы;
  • филиалдар мен аймақтық өкілдер желісі;
  • жетекші ғылыми орталықтармен серіктестікте іске асырылатын ғылыми-зерттеу қызметі және медициналық мамандар арасында білім беру миссиясы;
  • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстанда, сонымен қатар Орталық Азия елдерінде тіркеу барысында толық қолдау;
  • жеке меншік кеден қоймалары мен көлік желісі режиміндегі логистикалық қызметтердің ауқымды спектрі;
  • әлемдік жетекші өндірушілерден дәрі-дәрмектердің үлкен ассортиментінің маркетингі және дистрибьюциясы​.

Бас директоры: Машкеев Батырбек Аукенович +7 (727) 383-74-63, mashkeyev@vivapharm.kz;
Өндіріс бойынша директор: Кумисбек Гульзина Кумисбеккызы +7 (727) 383-74-63 (ішкі 135), gkumisbek@vivapharm.kz;
Қаржы директоры: Инебекова Салтанат Кабылтаевна +7 (727) 383-74-63 (ішкі 113), sinebekova@vivapharm.kz;
Медициналық директор: Машкеева Ботагоз Аукеновна +7 (727) 383-74-63 (ішкі 115), botagoz.mashkeyeva@vivapharm.kz;
Сату және маркетинг бойынша директоры: Исебаева Гульбаршын Сергазыевна +7 (727) 383-74-63 (ішкі 129), gulbarshyn.isebayeva@vivapharm.kz

Байланыс:
Мекен-жайы: 050030 Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,  Түрксіб ауданы, 2-ші Остроумов көшесі, 33
Телефоны: +7 (727) 383-74-56, 383-74-63, 390-48-77
E-mail: viva@vivapharm.kz