ОТӨ-лер «СК-Фармация» ЖШС-мен жасасқан ұзақ мерзімді шарттар
2011 жылдың қыркүйек айынан бастап SANTO «Polpharma компаниялар тобы» ірі еуропалық фармацевтикалық холдингінің құрамына кіріп, заманауи технологиялар мен инвестицияларға қол жеткізу, халықаралық сапа стандарттарына сәйкес қарқынды өсу мүмкіндігіне ие болды. Заманауи технологияларға, GMP, адамдар мен инфрақұрылымды дамытуға деген қарқынды инвестициялар басталды.
2013 жылдың желтоқсан айында кәсіпорында үлкен және кіші мөлшердегі парентеральды ерітінділерді шығарудың өндірістік кешені (ампулалы-инфузиялы цех) іске қосылды. Жобаға салынған инвестициялардың көлемі 40 млн АҚШ долларынан асты. Ғылыми-зерттеу сынақ орталығы, қойма шаруашылықтары, инфрақұрылым (жолдар, жаңа қазандық) жаңғыртылды. Жаңа фрамацевтикалық өндірістерді жаңғырту мен салу жөніндегі бағдарламаның шеңберінде 100 млн АҚШ долларынан асатын инвестициялар жоспарланған.
2015 жылдың қорытындылары бойынша, IMS Health (ақпараттық және технологиялық қызметтер, медицина саласындағы кәсіпорындардың жұмысын бағалау және жақсартудағы жетекші әлемдік компания) мәліметтеріне сәйкес, SANTO компаниясы ақшалай түрдегі Қазақстанның фармацевтикалық нарығының көшбасшысына айналды
Компания Қазақстанның фармацевтикалық нарығының көшбасшысы болып табылады, оның қоржыны терапияның түрлі салаларындағы сырқаттарды емдеуге арналған 12 фармакологиялық топтағы 260 генерикті және түпнұсқалы дәрілік заттардың атауларын қамтиды.
SANTO компаниясының өндірістік қуаттары жыл сайын 1,2 млрд таблеткалар, капсулалар мен түйіршіктерді; 300 млн ампулаларды; 40 млн антибиотик құтыларын, 6 млн инфузиялық ерітінділердің пакеттері мен құтыларын және 26 млн. шәрбаттарды өндіруге мүмкіндік береді
Дайын өнім тізбесі төмендегіні қамтиды:
- 44 бірлік қатты дәрілік нысандары (таблеткалар);
- 46 бірлік ампулалардағы инъекциялық ерітінділер;
- 18 бірлік құтылардағы зарарсыз ұнтақты антибиотиктер;
- 27 бірлік шәрбаттар, тұнбалар, сығындылар, сыртық және ішкі қолдануға арналған ерітінділер;
- 7 бірлік капсулалар, түйіршіктер мен сашелер.
SANTO халық арасында кең сұранысқа ие болған тиімді және бағасы бойынша қолжетімді дәрілік заттарды өндіреді. Қазіргі таңда компаниямыздың халықаралық нарықтарға шығуына мүмкіндік беретін Тиісті Өндірістік Тәжірибенің (GMP) халықаралық стандартына келесі сәйкестік сертификаттары бар:
1. жаңа ампулалы-инфузиялы цехтағы инъекциялық ерітінділердің зарарсыз өндірісіне;
2. инфузиялы ерітінділердің өндірістік учаскесіне.
Бүгінгі күні SANTO компаниясының өнімі Еуразиялық Экономикалық Одаққа қатысушы елдерді қоса алғанда, бес елге экспортталады: Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан. Экспорттың үлесін ұлғайту мақсатында Қызрғызстандағы өкілдік тіркелді.
Генеральный директор АО «Химфарм»: Ижи Урбанец, +7 (727) 3121833
Байланыс:
Бас кеңсе
Мекен-жайы: 160019, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81
Телефон: +7 (7252) 610120, +7 (7252) 561342, +7 (7252) 560533 (факс)
E-mail: santo@santo.kz
Алматы қаласындағы филиал
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 17/1, «Нұрлы-Тау» ӨҚО, блок 5Б, 19 қабат
Телефон: +7 (727) 3121833
Веб-сайт: www.santo.kz
Бас кеңсе
Алматы қаласындағы филиал