СК-Фармация

ОТӨ-лер «СК-Фармация» ЖШС-мен жасасқан ұзақ мерзімді шарттар

2011 жылдың желтоқсан айында медициналық  мақсатта қолданылатын  тоқылмаған материалдан жасалатын бұйым шығаратың зауыт эксплуатацияға берілді.  Шикізаттан дайын өнімге дейін толық топтаманы қолданып және де дайын өнімді зарасыздандыру шараларын өз мәресіне толығымен жеткізе отырып, зауыт басқада ҚР және ТМД аумақтарында орналасқан медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдар өндірісі бойынша кәсіпорындарға қарағанда аутсорсинг дәрежесін қолданбайтындығымен ерекшеленеді.

Бүгінгі күнде «Super-pharm» ЖШС кәсіпорыны - барлық талаптарға сәйкес келетін, жоғары технологиялық жабдықтарды қолданатын,  бұйымдар шығару өндіріс алымдылығы жылына 15 миллионға құрайтын, өндірістің әр кезеңінде жоғары деңгейде сапа тексерісі қолданылатын тоқылмаған материалдан медициналық киім, бір рет қолданылатын стерилді және тануға арналған бұйым өндіретін фармацевтикалық зауыт болып саналады. Компанияның  басты  Стратегиялық  мақсаты, тұтынушыларды медициналық мақсатта қолданылатын сапасы жоғары, қауіпіз бұйымдармен қамсыздандыру.

Кәсіпорында медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдар өндірісі бойынша ISO 13485:2003 сапа менеджментінің жүйе сертификаты және мемлекеттік тіркеуді өткен 16 түр жинақ бар, СТ-КZ тауар тегінің сертификаты, сәйкестікті растау мақсаты үшін ұйымның қалыбы, техникалық құрылымдарды қолдануға рұқсат қағазы толығымен бар.

Зауытта жасалынып жатқан «Нәрия» сауда маркалы өнім ассортиментіне, 33 атаулы өнімдер кіреді - бахилалар, үш қабатты бет перделер, берет-шапкалар, пилотка-қалпақтар, халаттар, хирургиялық костюмдер, босанатын әйелдерге арналған жейделер, жаялықтар, сіңіруші сүрткілер, бинттер (4-түрлі)  және 16 түр бір рет қолданылатын стерилді  жинақтар.

«Super-pharm» ЖШС-мен  «СК-Фармация» ЖШС арасында дәрілік заттар мен  медициналық мақсатта қолданылатың бұйымдарды жеткізу бойынша 7 жылға ұзақ мерзімді келісім шарт жасалған,  ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қажеттіліктерін қамсыздандыру мақсатында,  келісімге сай кәсіпорын 6 түрді стерилді жинақ және 4 бинттер түрлерін үнемі жеткізуде.

2012 жылдаң 2016 жылға дейін деректі жеткізілімнің көрсеткіші 25,20 миллион бинт және 4,80 миллионнан астам жинақтар және, 15,80 миллионнан астам жеке бұйымдар жіберілген.

Жалпы жұмысшылар саны 2016 жылдың 1 наурыз айына – 107 адам.

ЖШС «Super-pharm» директоры: Каймолдаев Кайрат Амирханович
Директордың қаржы жөнінде орынбасары: Биболов Ерлан, +7 (72633) 2-75-57, +7 701 9242076, super_pharm@bk.ru
Өндіріс жөнінде директордың орынбысары: Анарметов Алишер +7 (72633) 2-75-58, +7 701 7429986, a.anarmetov@mail.ru

Байланыс:
Мекен-жайы: 080201, Қазахстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша Биби ауылы, Төле би көшесі нөмірсіз
Телефоны: +7 (72633) 2-75-57 (бухгалтерия), +7 (72633) 2-75-58 (қабылдау бөлімі)
Веб-сайт: www.superpharm.kz
E-mail: super_pharm@mail.ru