СК-Фармация

Жаңалықтар

13 қараша 2017
Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация»тендерлік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді

Денсаулық сақтау министрлігі мен Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация»  ЖШС дәрілік заттарды сатып алу бойынша 2018 жылы ел халқын дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін  өтетін тендерлік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша  теңдессіз шараларды қолдануда.

Бүгін 2018 жылға арналған  дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша жаңартылған тендерлік комиссияның  кезекті жұмыс сессиясы болып өтті.

Рәсімдердің анағұрлым ашықтықтығын қамтамасыз ету және тендерлық комиссия мүшелерінің  төрағаға лауазымдық бағынушылығын болдырмау мақсатында  бірыңғай енді комиссия Бірыңғай дистрибьютор құрылғаннан бергі  уақыт ішінде алғаш рет комиссия құрамына ҚР  Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Төрайымы  Людмила Бюрабекова, медициналық көмекті ұйымдастыру  комитетінің қызметкерлері  еніп отыр.

Бұдан бөлек,  тендерды өткізудегі ашықтық пен жариялылықты  қамтамасыз ету мақсатында  Бірыңғай дистрибьютордың тендерлық комиссиясының барлық отырыстарына қатысатын тендерлық рәсімдер бақылаушыларының құрамы кееңйтілген. Енді бейінді қауымдастық пен ҚРІІМ тыл департаменті медициналық басқармасының  өкілдерінен басқа, бақылаушылар  санатына «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау Ұлттық орталығы»  бас директорының бірінші орынбасары Арнур Нуртаев енді. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің қызметкерлерімен де тендердағы сараптамалық комиссия құрамы нығайтылған.

Тендерлік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұдан басқа  Бірыңғай дистрибьютор өзінің  www.sk-pharmacy.kz/  сайтында негізгі  тендерлік рәсімдердің онлайн көрсетілімін ұйымдастырады. Сайт пен Бірыңғай дистрибьютордың Facebook ресми аккаутында тендерлік және сараптамалық комиссия отырыстарының күн сайынғы фотоесебі жарияланып отырады. Тұрақты түрде  тендер өткізіліп жатқан  залдағы жағдайдың барлығына видео түсірілім жасалады. Ол Бірыңғай дистрибьютордың мұрағатында сақталады.

Тендерлік комиссияға  484 препарат бойынша тендерде жарияланған 40 компанияның өтінімін қарау жүктеліп отыр. Бұл вакциналар, туберкулезге, қант диабетіне, вирусты гепатитке, онкологияға, емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енетін  әлеуметтік маңызы бар басқа да ауруларға   қарсы препараттар. Медициналық ұйымдардан келіп түскен алдын ала өтінімдерге сәйкес 82,4 млд теңгенің  дәрі-дәрмегі сатып алынады.

20 қарашаға дейін  тендерлық комиссия өтінімдермен танысып, ұсынылған құжаттамаларға ескертулер жасайды, содан  кейін компанияларға оны түзетуге мүмкіндік беріледі.

Ал жеңімпаздар аукционға жіберілген барлық компаниялардың   бағаны төмендету аукционының нәтижелері бойынша анықталады. Аукцион  4 желтоқсанда  өтеді және онлайн тәртіпте көрсетіледі.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі