Жаңалықтар
2018 жылдың 21 маусымдағы жағдай бойынша Фармация комитетінің kf@mz.gov.kz электронды мекен-жайына азаматтардан дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 80 өтініш келіп түсті, оның 50% -ы Астана, Алматы қалаларынан (44 өтінім) келіп түскен, ал Қарағанды және Павлодар облыстарынан өтініштер келіп түскен жоқ.
Бүгінгі күнде 32 өтініш қарастырылды, 23 өтініш бойынша науқастар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді, 3 өтініш бойынша қамтамасыз етілу фактісі расталмады, медициналық қызметтің сапасыз көрсетілу бойынша 1 өтініш Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне жіберілді.
Қалған өтініштер бойынша өңдеу жұмыстары жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде ауытқуларға жол бермеу мақсатында, диспансерлік есепте тұрған, мамыр-маусым аралығында барлық қант диабетін емдеуге арналған дәрілермен (бұйрық №666) тізбесіне сәйкес қамтамасыз етілмеген азаматтарға, аты-жөні, ЖСН, контактілерін, емхана нөмерін және қай елді мекеннен екені туралы ақпаратын kf@mz.gov.kz электрондық адресіне жолдауларын сұраған болатын.