Жаңалықтар
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында гемофилиямен ауыратын науқастардың Қазақстандық Ассоциациясының өкілдері дәрілік қамтамасыз ету және медициналық көмек алуда гемофилиямен ауыратын науқастардың кездесетін мәселелері туралы айтты.
Дөңгелек үстелге ҚР ДСМ Фармация комитеті төрағасы Людмила Бюрабекова, «Қазақстандық гематолог дәрігерлер қоғамы» республикалық қоғам бірлестігі президенті Ирина Пивоварова, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп, ҰДЗСО бас директорының бірінші орынбасары Арнұр Нұртаев, гемофилиямен ауыратын Қазақстан мүгедектері қауымдастығының президенті Тамара Рыбалова, сондай-ақ қауымдастық мүшелері қатысты.
Гемофилиямен ауыратын Қазақстан мүгедектері қауымдастығының президенті Тамара Рыбалова қызу пікірталас барысында науқастарды неғұрлым алаңдатып отырған сұрақтарды көтерді: 2019 ж. қан ұю факторларын уақытылы сатып алу, орындарда препараттарға қажеттіліктерді қалыптастыру дұрыстығы. Сондай-ақ, қан ұю факторларының жаңа түрлерінің пайда болуы және қазақстандық нарықта тіркелген жағдайда оларды сатып алу мүмкіндіктері талқыланды.
Талқылау барысында ҚР ДСМ Фармация комитеті төрағасы Людмила Бюрабекова медициналық ұйымдардың препараттарға қажеттілігін қалыптастыру кезінде және оларды тарату кезде бақылаудың қажеттілігін атап өтті.
Денсаулық сақтауды цифрландыру бағдарламасын енгізу шеңберінде емдеуші дәрігердің тағайындалған терапиялық кеңесі қосылған науқастардың атауландырылған есебін енгізу, медициналық ұйымдардың қажеттіліктерін қалыптастыру кезінде есептердің дәлдігімен мәселені шешеді. «Қазақстандық гематолог дәрігерлер қоғамы» республикалық қоғам бірлестігі президенті Ирина Пивоварова науқастардың өзін-өзі бақылау парақтарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, гемофилиямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету мәселелері де талқыланды: ингибиторлық формадағы балаларға медициналық көмек көрсету және гемофилиямен ауыратын науқастар үшін республикалық орталық ашу. Ирина Пивоварова, барлық көтерілген мәселелер гематологиялық қызмет бойынша әзірленген жол картасында ескерілгенін, қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігіне келісу үшін жіберілгенін айтты.
Сонымен қатар, науқастар оларды алаңдатқан гемофилияны әлеуметтік мәні бар аурулар тізімінен шығару туралы мәселеге түсіндірме алды. Людмила Бюрабекованың айтуынша, қазіргі уақытта бұл бұйрық қоғамдық талқылау рәсімінен өтуде. Сонымен бірге, ауруды әлеуметтік мәні бар аурулар тізімнен алып тастау, гемофилиямен ауыратын науқастарды дәрілік қамтамасыз етуге әсер етпеуі керек.
Талқылаудың нәтижесі бойынша қауымдастықтардың барлық жұмысын және сондай-ақ мемлекет пен қауымдастықтар арасындағы тығыз ынтымақтастықта басты мақсатқа – гемофилиямен ауыратын науқастарға дәрілік және кез келген басқа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылу туралы шешім қабылданды.