Жаңалықтар
Өткен жеті айда тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін еліміздің медицналық ұйымдарына және дәріханаларға - 54,7 млрд. теңге сомаға, ал стационарлық тегін емдеуді қабылдайтын науқастарды емдеу үшін - 42,7 млрд. теңге сомаға препараттар жөнелтілді
Дәрі-дәрмектердің көпшілігі Алматы қаласының медициналық ұйымдарына - 12,6 млрд. теңге, оның ішінде стационар үшін - 5,65 млрд. теңге сомаға және диспансерлік науқастар үшін - 6,4 млрд. теңге сомаға түсті. Бірыңғай дистрибьютор Шымкент қаласына және Түркістан облысына 12,4 млрд. теңге сомаға, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін - 6,5 млрд. теңге сомаға, ал стационарлар үшін - 5,9 млрд. теңгеге дәрілік препараттар жөнелтті. 10,2 млрд. теңгеге дәрі-дәрмектерді Шығыс Қазақстан облысы алды. Бұл жерде амбулаторлық науқастарға 7,1 млрд. теңге сомаға, ал стационарларға – 3,12 млрд. теңгеге препараттар түсті.
«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, бүгінгі күні жалпы жөнелту көлемі жыл басында жарияланған жылдық көлемнің 74% -ын құрайды. «Бірқатар өңірлерге біз тек шілденің ғана емес, тамыз айының да, сонымен қатар кейбір өңірлермен жоспарланғаннан қажеттілігі жоғары болған препараттар бойынша жеткізуді қыркүйек пен қазан айлары үшін де аяқтадық».
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бюджеттік комиссиясы 2018 жылға дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде үнемделген 23 млрд. теңгегені бөлу мақұлдағаннан кейін, препараттарға қосымша қажеттілік үшін қазіргі уақытта бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектердің қосымша көлемін сатып алады. Оларды медициналық ұйымдарға қосымша қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткізу қыркүйек айында басталады.
.