СК-Фармация

Жаңалықтар

С гепатитіне шалдыққан науқастар арзан бағамен емделеді
21 маусым 2018
С гепатитіне шалдыққан науқастар арзан бағамен емделеді

Софосбувир және Даклатасвир инновациялық препараттарына бағаның 10 еседен артық төмендеуі С гепатиті бар науқастарды емдеумен барынша көп қамтуға мүмкіндік береді. Осындай айтарлықтай төмендеу «СҚ-Фармация» ЖШС және БҰҰ Даму бағдарламасы арасында жасалған шарттың арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, республикалық бюджеттен Софосбувир және Даклатасвир препараттарын сатып алуға 1,5 млрд артық теңге бөлінді.

«Осы препараттарды сатып алуды ұйымдастырушы БҰҰ Даму бағдарламасы болғандықтан, препарат бағасын төмендетуге қол жеткізілді, бөлінген барлық сомаға осы препараттар сатып алынатын болады. Бұл С вирустық гепатитімен диспансерлік есепте тұрған барлық науқастарды қамтуға, вирустық гепатитке арналған уақытылы заманауи емдеуден өтуге мүмкіндік береді», - деді Берік Шәріп.

Софосбувир препаратын ДДСҰ маңызды дәрілік заттар тізіміне енгізгенін атап өту керек. Вирустық гепатитті Софосбувир және Даклатасвир препараттармен емдеу көп жағдайда ағзадағы вирустан толық құтылуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мұндай емдеу бұрын қолданылғаннан гөрі жанама әсерлерді айтарлықтай азайтады. Препаратты сатып алу «СҚ-Фармация» ЖШС мен БҰҰ Даму Бағдарламасы арасында жасалған шарт арқылы мүмкін болды.

Дереккөз: baq.kz