Жаңалықтар
Қазақстанға халықаралық ұйымдар арқылы препаратты сатып алу мүмкіндігін ашу үшін патенттік қорғауды алып тастаудың мүмкін еместігі туралы, сондай-ақ АИТВ бар пациенттердің көп санын қамту үшін дәрі-дәрмектің бағасын айтарлықтай төмендетудің мүмкін еместігі туралы GlaxoSmithKline-да АИТВ бар пациенттерді Долутегравир препаратымен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді .
Терапияға арналған Долутегравир генерикалық препаратының бір орамы үшін 4,5 доллар деңгейіне дейін жетуі сатып алу бағасының 25 еседен астам төмендеуі туралы уағдаластыққа БҰҰДБ халықаралық ұйымымен ынтымақтастық шеңберінде қол жеткізілді. Бағаның мұндай төмендеуі осындай терапия көрсетілген барлық қазақстандық пациенттерді ең заманауи антиретровирустық терапиямен қамтуға мүмкіндік берер еді.
Алайда, патент иесі, GlaxoSmithKline компаниясы өкілдерінің айтуынша, генерикалық Долутегравирді сатып алу халық табысының деңгейі төмен және/немесе қиын жағдайда тұрған елдерде ғана мүмкін болады. Мұндай елдерге құқық иеленуші лицензия береді, алайда Қазақстан кіріс деңгейі орташадан жоғары ел ретінде мұндай лицензияға үміткер бола алмайды. Алайда, мемлекет бөлген бюджет жеткізуші ұсынған бағалар бойынша АИТВ бар барлық пациенттерді терапиямен қамтуға мүмкіндік бермейді. Қалыптасқан жағдайды шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі СҚ-Фармация базасында Долутегравир препаратын өндіруші GlaxoSmithKline өкілдерінің, сондай – ақ пациенттік ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізуге бастама жасады.
ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова өз сөзінде денсаулық сақтау министрлігінің күш-жігері антиретровирустық терапияға арналған препараттарға бағаның барынша төмендету арқылы мүмкін болатын пациенттерді өмірлік қажетті емдеумен барынша қамтуды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Алайда, Ресей / ТМД, Таяу Шығыс пен Африка аймақтары бойынша ViiV Healthcare коммерциялық директоры Джеймс Бринглоның айтуынша, Долутегравирдің Қазақстанға ұсынылған бағасы халықтың табыс деңгейін ескергенде барынша төмендетілген болып табылады.
Дегенмен, мемлекеттік органдармен жұмыс, ViiV Healthcare препараттарының саясаты және қол жетімділігі жөніндегі директоры Анджели Рэдклиффтің айтуынша, GlaxoSmithKline өзінің негізгі міндеті ретінде АИТВ бар пациенттерді сапалы заманауи емдеумен барынша қамтуды көреді, осыған байланысты қазіргі уақытта компания пациенттерді қамтамасыз ету үшін ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық құралдарын пысықтауда. Алайда, бұл құралдар келесі жылдан кейін жұмыс істейді.
Пациенттік ұйымның өкілі, «Answer» қоғамдық қоры филиалының директоры Елена Растокина өз сөзінде қазіргі уақытта Қазақстанда АИТВ-инфекциясын емдеуге арналған негізгі препараттардың бірі - Долутегравир препаратының қол жетімділігі бойынша жіті жағдай қалыптасты, оның қоры тек үш аптаға ғана жетеді, содан кейін АИТВ-мен өмір сүретін пациенттерді емдеу сызбасын өзгерту қажеттігі туындауы мүмкін екенін атап өтті. «Қалыптасқан жағдай шұғыл шешуді талап етеді. Тек Алматыда қазірдің өзінде 700 пациент дәрі-дәрмексіз қалды», - деп атап өтті Елена Растокина. Ал «AGEP ' C» қоғамдық қорының жетекшісі Сергей Бирюков дәрі-дәрмек бағасының цифрының артында тұрған адам өмірінің құндылығын еске салды.
Кездесу қорытындысы бойынша Фармация комитетінің басшысы Людмила Бюрабекова Денсаулық сақтау министрлігінің сот тәртібімен препаратқа мәжбүрлеп лицензия алу мүмкіндігін қарастыру жоспары туралы хабарлады.