СК-Фармация

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігінде отандық фармацевтикалық өнім өндірісін кеңейту мүмкіндіктері ұсынылды
03 маусым 2019
Денсаулық сақтау министрлігінде отандық фармацевтикалық өнім өндірісін кеңейту мүмкіндіктері ұсынылды

ОТӨ мен дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьютор арасындағы ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде, ТМККК шеңберінде науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамсыз ету үшін мемлекет сатып алатын өнім тізімін кеңейту бастамасын Отандық фарм өнімдерінің өндірушілерімен дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ тауарларды және қызметтерді бақылау және сапасы мен қауіпсіздігі Комитеті сөз сөйледі.

Енді отандық фармацевтикалық зауыттарға ТМККК шеңберінде одан әрі іске асыру үшін қандай дәрі-дәрмектер өндіруді іске қосуға дайын екенін өз бетінше анықтау міндеті тұр. Денсаулық сақтау министрлігі өтінімі негізінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар атауларының номенклатурасын қалыптастырады, одан кейін ұзақ мерзімді сатып алу жүргізіледі және он жыл ішінде отандық өнім берушілер қазақстандықтарды осы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ететін болады. Басты шарт-өндірісті жаңғырту немесе жаңасын салу қажет.

ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекованың айтуынша, ұзақ мерзімді шарттар аясында ОТӨ-мен ынтымақтастық тәжірбиесі өз нәтижесін беруде.

«Отандық Фарм өндірісін дамытуға ықпал ететін мемлекеттік қолдау – елдің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес. Ұзақ мерзімді шарттар жағдайында мемлекеттік қолдау шығарылатын өнімді өткізу кепілдігімен көрсетіледі. Осы қолдаудың арқасында осы бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында фарм өнеркәсіп елдегі ең белсенді дамып келе жатқандардың біріне айналды», - деп атап өтті Людмила Бюрабекова.

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, қазір 35 ОТӨ-мен мұндай келісім-шарттардың 64-і жұмыс істейді, олардың шеңберінде отандық өндірушілер 4191 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар (961 дәрілік заттар, 3230 медициналық бұйымдар) өндірісін жаңғыртуда және көптеген адамдар «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар өнімдерді жеткізуді бастады.

Қазірдің өзінде қазақстандық науқастар жүрек, артериялық гипертензия, диабет, онкология, АИТВ және т.б. ауруларын емдеуге арналған отандық дәрі-дәрмектерді тегін алуда. Биылғы жылы жалпы құны 50,5 млрд теңгеге 535 дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді, бұл Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуын шамамен 30% -ын құрайды.

Қазақстанда өндірілетін дәрі-дәрмектердің номенклатурасын кеңейту жөніндегі бастама отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында елімізде енгізілетін фармацевтикалық өнімге баға реттеу мәселелері талқыланды. Жақын арада елде тіркелген барлық дәрілік препараттарға шекті бағалардың бірыңғай тізілімі енгізілетін болады. Қазір өндірушілер өз препараттарының бағасын тіркеу жұмыстарын жүргізуде. Отандық өндірушілердің өкілдері дәрілік заттардың бағасын реттеуге көшуге дайындығы туралы айтып, сондай-ақ тіркеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар шығарды.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Бірыңғай дистрибьютордың, дәрілік заттарды сараптау Ұлттық орталығының, отандық фармацевтикалық өндірушілердің, «Атамекен» ҰКП және бейінді қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі