СК-Фармация

Жаңалықтар

Алғашқы алты айда Шымкент қаласында есепте тұрған 66 727 пациент 2 млрд.теңгеге дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді
16 шілде 2019
Алғашқы алты айда Шымкент қаласында есепте тұрған 66 727 пациент 2 млрд.теңгеге дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді

Алғашқы алты айда Шымкент қаласында есепте тұрған 66 727 пациент 2 млрд.теңгеге дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Түркістан облысы бойынша 2,6 млрд.теңгеге 141 715 диспансерлік пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етілетін 45 нозологияның басым бөлігі Шымкент қаласында онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге - 327 млн.теңге жұмсалды. 274 млн.теңгеге дәрі-дәрмек мукополисахаридозбен ауыратын науқастарға берілді. Шымкент қаласында қант диабеті және артериялық гипертензиясы бар есепте тұрған пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге төрттен бір миллиард теңгеден бөлінді.

Мегаполистен тегін дәрі-дәрмектерге жылдық тапсырыс 4,4 млрд. теңгені құрады, ал қазіргі уақытта Шымкенттің медициналық ұйымдарына 2,5 млрд. теңге сомаға дәрі-дәрмектер жөнелтілді.

Түркістан облысы бойынша бірінші жартыжылдықта ең шығынды нозология қант диабеті болды. Дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар осы аурумен ауыратын науқастарға 413 млн.теңге сомасында берілді. Түркістан облысында артериялық гипертензиясы бар емделушілер 383 млн.теңге көлемінде дәрі-дәрмек алды, ал қан ұюының тұқым қуалайтын тапшылығы бар емделушілерге 373 млн. теңге көлемінде дәрі-дәрмек берілді. 208 млн. теңге сомасындағы дәрілік заттар психикалық аурулармен ауыратын науқастарға босатылды. Ал онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар 174 млн.теңгеге дәрі-дәрмек алды.

Арыс қаласында амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың 152 позициясына жылдық өтінім 117,1 млн.теңгені құрады. Қазіргі уақытта 78,2 млн. теңгеге дәрі-дәрмектер жөнелтілді. Пациенттерге 53,1 млн. теңге көлемінде дәрі-дәрмек берілді.

Қазіргі уақытта Түркістан облысына 4,2 млрд.теңге сомаға дәрі-дәрмектер жөнелтілді. Ал 2019 жылы облыс бойынша жылдық өтінім 7,4 млрд. теңгені құрады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі