Жаңалықтар
26 шілде 2019
Дәрі-дәрмектер келесі жылдан бастап балаларға тегін беріледі
2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, балаларға дәрігерлердің рецептімен тағайындалған дәрілер тегін берілетін болды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
«Дәрілерді өз қалтаңыздан қаражат жұмсап сатып алудың қажеттілігі болмайды. Мұның барлығы медициналық сақтандыру есебінен жабылатын болады. Яғни, бұл халықаралық тәжірибе, дәрігерлер ем тағайындайды, ал дәрі-дәрмек тегін медициналық сақтандыру есебінен сатып алынады. Біз бұған көп жылдар бойы келдік. Медсақтандыру жағдайында біз ақыры осы мәселені толығымен жабатын қажетті қаржыландыруды аламыз» - деді министр.
Дереккөз: БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі