Жаңалықтар
Астаналық онкоорталыққа жоғары берешекке байланысты дәрі-дәрмек жеткізу мәселесі шешілген. Қазірдің өзінде 160 млн. теңге сомасына онкопрепараттар медициналық ұйымға жеткізілді.
Бүгін Нұр-сұлтан онкологиялық орталығына онкологиялық пациенттерге арналған, көлемі қыркүйек айында жеткізуге жоспарланған препараттардың 130 түрі жеткізілді.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың онкопрепараттарды жөнелтуді жалғастыру туралы тапсырмасы бойынша "СҚ-Фармация" басшылығы дәрі-дәрмектерді онкоорталыққа жөнелту туралы шешімді қабылдады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютормен Нұр-сұлтан денсаулық сақтау басқармасынан 2019 жылы пайдаланылған дәрі-дәрмектер үшін клиниканың қарызын өтеуді бақылау міндеттемесімен хат алынды.
Өткен жылдары қалыптасқан берешекке байланысты, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оны шешу үшін барынша күш жұмсауға уәде береді.