СК-Фармация

Жаңалықтар

20 қараша 2019
"Нұр Отан" партиясының "СҚ-Фармация" қызметкерлерімен кездесуінде ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге "СҚ-Фармация" қызметкерлері үшін қоғам қайраткері, Нұр-Отан партиясының мүшесі Надежда Михайловна Петухова келді.

Бірінші кезекте Надежда Михайловна Жолдаудың әлеуметтік саланы және атап айтқанда, денсаулық сақтау саласын  қозғайтын тармақтарының маңыздылығын атап өтті.

 «Денсаулық сақтау сияқты маңызды салаға қызмет көрсететін, біз бен сіздер  үшін Жолдауда көп көңіл бөлінетініне назар аударғым келеді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат барысында да  айтылғандай, Президент медицина қызметкерінің мәртебесін көтеру қажеттігін айтады. Қазір кодекстің жаңа редакциясында медицина қызметкерлерін қорғауға, олардың мәртебесін арттыруға арналған толық мақала болады. Медицина қызметкерлері бұрынғыдай  қоғам сыйлайтын, халық үлкен құрметпен қарайтын адамдар болуы үшін»

Оның айтуынша, қазір салаға материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді арттыру және медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру үшін 2,8 трлн.тенге қосу жоспарланып отыр.

 «Мен Сізге, Сіздің ұжымыңыз үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің маңызы зор екенін айтқым келеді. МӘМС енгізілгеннен бастап тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген нозологиялар спектрі ұлғайтылатын болады, туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балалар қамтамасыз етіледі.

Сіздің ұжымыңызды  үлкен жұмыс, және емдеу мекемелерімен, ғылыми институттармен, мемлекеттік органдармен  күрделі жұмыс күтіп тұр.

Менің ойымша, Сіздің ұжымыңыз, осындай жас, еңбекке қабілетті ұжым, осы міндетті орындауға және бізде халық тарапынан  наразылық аз болуы үшін көмектеседі», - деп Надежда Петухова атап өтті.

Өз сөзінде ол Жолдауда айтылған басқа да маңызды бағыттар туралы да айтты,  "еститін мемлекет" сияқты жолдауда айтылған бағыттар туралы, мемлекет пен қоғам арасында диалог орнату, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауылдағы сапалы өмір, инклюзивті қоғам құру, әлеуметтік көмек және зейнетақы жүйесін дамыту мәселелері және басқа да салалар, Жолдау шеңберінде жоспарланған,  олардың өзгеруі, әр қазақстандықты әсер етеді.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі