СК-Фармация

Жаңалықтар

21 сәуір 2020
Берік Шәріп «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №243 бұйрығына сәйкес Шәріп Берік Шәріпұлы «СҚ-Фармация» ЖШС-ің басқарма төрағасы болып тағайындалды.

«Ол 2018 жылдың мамыр айынан бастап компания басқармасы төрағасының орынбасары қызметімен қатар «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Еңбек жолын Астана қаласы бойынша қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының көшпелі бригадасының фельдшері ретінде бастаған, Астана қаласының Бірінші қалалық ауруханасының хирургия бөлімшесінің, ЖИТС-пен күрес орталығының дәрігері болған.

Астана қаласы мен ОҚО денсаулық сақтау департаменттеріндегі әртүрлі позицияларда жұмыс істеді. 2009 жылдан 2012 жылға дейін «СҚ – Фармация» ЖШС басқарушы директоры-басқарма мүшесі, 2012 жылдан 2017 жылға дейін – «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК стратегиялық даму жөніндегі бас дәрігердің орынбасары міндеттерін атқарды.

2017 жылдың тамыз айынан бастап 2018 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Берік Шәріп 1981 жылы туған. 2004 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық академиясын емдеуші, дәрігер-хирург мамандығы бойынша бітіріп шықты, 2009 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінде «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша заңтану бакалавры дәрежесін алды. 2012 жылы Халықаралық бизнес академиясында Іскерлік әкімшілік магистрі, MBA дәрежесін алды. DBA-Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы (2016) және European university Business School, Switzerland 2017 жылы іскерлік әкімшіліктендіру докторының дәрежесіне ие болды.

Дереккөз: www.inform.kz