Жаңалықтар
Пневмококтың 90 серологиялық типі белгілі, соның ішінде 20-сы кең тараған және адам үшін қауіпті. Пневмококк әртүрлі бала ауруларының қоздырғышы болып табылады, соның ішінде менингит, пневмония, бронхит, ортаңғы отит, синусит және т.б.
Пневококк инфекциясы ауа-тамшылы жолымен және ауру адамдар мен сау тасымалдаушылардан қарым қатынас арқылы жұғады. Пневмоккокты этиологиялы аурулар тыныс алу жүйесі ауруларының құрылымында маңызды рөл атөарады және қатаң медико-әлеуметтік мәселе болып табылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық егу кұнізбесіне 2010 жылдың соңында қосылған соңғы вакцина - пнквмококк вакцинасы. Қазақстанда осы вакцинаның үш түрі тіркелген: ПКВ 7, ПКВ10 және ПКВ13
Қазіргі кезде ПКВ 13(превенар13) қолданылады. Ол бұлшық еткен салынады.
Әлемдік фармацевтика көшбасшыларының бірі Pfizer (Ирландия) фармацевтикалық компаниясы шығарған Еуропалық пневмококқа қарсы полисахаридтелген Prevenar 13®️ вакцинасы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қазақстандықтарды тегін вакцинациялау үшін сатып алынады.
Превенар 13® - бұл 13 патогенді серотиптерді қамтитын, яғни пневмококктың түрлерін қамтитын пневмококк инфекциясына қарсы ең дамыған 13 валентті конъюгативті вакцина.