СК-Фармация

Жаңалықтар

Ресейден келген гуманитарлық көмекті жөнелту басталды
15 шілде 2020
Ресейден келген гуманитарлық көмекті жөнелту басталды

Қазақстанға Ресейден гуманитарлық көмек ретінде келіп түскен дәрі-дәрмектер мен жеке қорғану құралдары медициналық ұйымдарға түсе бастады.

Бүгінде Бірыңғай дистрибьютор 2790 қорғайтын киім жиынтығын және 21 850 медициналық масканы Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдарына жөнелтті. Бұл жеке қорғану құралдары коронавирустық инфекциямен күреске тартылған астаналық медицина қызметкерлерін жабдықтау үшін пайдаланылатын болады.

Сондай-ақ Ресей Федерациясынан гуманитарлық көмегі бар көліктер еліміздің барлық аймақтарына жеке қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектер бар жинақтарды жеткізуге алып кетті.

Сонымен қатар, жақында коронавирустық инфекцияны емдеу үшін клиникалық хаттамасына енгізілген Фавипаравир препаратының 236 қаптамасы ауруханаларға келіп түседі.

14 шілдеде Бірыңғай дистрибьютор осы препарат бойынша сатып алу рәсімдерін аяқтады. Шілде айының соңына дейін «СҚ-Фармация» қоймаларына осы препараттың 700 мың таблеткасы келіп түседі, олар коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу үшін еліміздің медициналық ұйымдарына дереу жеткізілетін болады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі