СК-Фармация

Жаңалықтар

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша 1439  қысқа нөміріне хабарласыңыз
17 шілде 2020
Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша 1439 қысқа нөміріне хабарласыңыз

Тегін дәрі-дәрмектерді алу барысында кедергілер туындаған жағдайда, пациенттер қалалық және ұялы телефондар арқылы 1439 қысқа нөміріне байланыс орталығына қоңырау шала алады. Барлық қоңыраулар тегін. Байланыс орталығының операторлары жүгінген пациенттерге қажетті тегін дәрі-дәрмектерді жеткізу уақыты мен күні туралы ақпараттар береді.

Шағым тез арада қаралады, қажет болған жағдайда - препарат басқа медициналық ұйымнан жіберіледі немесе препарат қажетті дәрі-дәрмектер керекті қор сақталған арнайы хабтан жеткізіледі.

Сонымен қатар, байланыс орталығы емделушілердің дәрі-дәрмек жеткізілімінің үзілуі туралы барлық мәліметтерді жинақтайды. Халықтан алынған ақпарат талданады және қандай кезеңде және қандай себептермен үзілістер болатындығы туралы нақты көрініс береді.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі