Жаңалықтар
«СҚ-Фармацияда» дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін жедел шешу үшін шұғыл шаралар кешені қабылданды.
«СҚ-Фармацияда» мәселесін шешу үшін ауруханалардан өтінім беру мерзіміне қарамастан, коронавирустық инфекцияны емдеу кезінде қолданылатын барлық қолда бар дәрі-дәрмектерді жедел жөнелту туралы шешім қабылданды.
Бұл - 1,3 млрд. теңге сомасына КВИ емдеу үшін қолданылатын препараттардың 91 атауы 16 шілдеде жөнелтілген еді. Дәрі-дәрмектер тағы 1 млрд. теңгеге 17 шілдеде, және де тағы да бір миллиардқа – 22 шілдеге дейін жөнелтіледі. Жақын күндері ауруханалар коронавирустық инфекцияны емдеуге шамамен 3 млрд. теңге көлемінде қосымша дәрі-дәрмек алады.
Бұл препараттарға әкімдіктер сырқаттанудың болжамды өсуін және препараттарға қажеттіліктің артуын ескере отырып, өңірлердің нақты қажеттілігі негізінде өтінім берді. Жеткізу мерзімдері нақты уақыт режимінде қадағалануда.
Қазіргі кездегі жағдай бойынша, жалпы, коронавирустық инфекцияны диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына вирусқа қарсы, антибактериалды және антикоагулянтты препараттар енгізілген. Бұл препараттар сатып алынды. 2020 жылғы 15 шілдеге дейін Бірыңғай дистрибьютор облыстардың 258 провизорлық орталығына және Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына коронавирустық инфекцияны емдеу үшін шамамен 10,7 млрд.теңге сомасына дәрі-дәрмектер жөнелтті. Енді жақын күндері ауруханаларға бұрын жоспарланған барлық жылдық қор келіп түседі.
«Пневмония» нозологиясы бойынша тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін емханаларға 594,2 млн. теңге сомасына 19 дәрі-дәрмек түрі жеткізілуде. Сонымен қатар медициналық ұйымдарда 381,4 млн. теңге сомасына дәрі – дәрмектің 18 позициясы - жеткілікті мөлшерде қалдықтар бар. Қазіргі таңда амбулаторлық емдеуден өтіп жатқан емделушілер үшін емханаларға қосымша 218,4 млн.теңге сомасына дәрі-дәрмек түседі. 2020 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті респираторлық инфекциялары, соның ішінде Пневмония, нозологиясы бойынша МӘМС шеңберінде 21 млн. теңге сомасына 44 575 адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды.
Коронавирустық инфекция бойынша жіті жағдайдың барлық кезеңінде барлық дәрі-дәрмектер бірден ауруханаларға жөнелтілетін болады: рұқсат қағазы тауар келгенге дейін нақты уақыт режимінде қалыптастырылады. Бұған компанияда енгізілетін алдын ала ақпараттандыру моделі – рұқсат беру құжаттарын тауар келгенге дейін алу ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, қосымша қажеттіліктерді жедел сатып алу жүргізіледі. Қазір «СҚ-Фармация» ауруханаларды қамтамасыз ету үшін 5,5 млрд. теңгеге қосымша препараттар сатып алуда. Жеткізушілер мен өндірушілер түсіністікпен қарауда, және жеткізуді барынша жылдамдатуда, сондай-ақ жеткізудің басым бөлігі 30 шілдеден кешіктірілмей күтілуде.
Бірыңғай дистрибьютор ҚР ДСМ хатының негізінде 11 мың Ремдесивир құтысын сатып алды, оның 2020 жылғы 20 шілдеге дейін «СҚ-Фармация» қоймаларына түсуі күтілуде, сондай-ақ жақын арада жөнелтудің қатаң кестесін ескере отырып келіп түсетін, 700 мың Фавипир таблеткаларын сатып алды.
Коронавирустық инфекцияны диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына енгізілген дәрілік заттарды жеткізушілермен мерзімінен бұрын жеткізу мәселесі пысықталды. Осылайша, 2020 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша өнім берушілер 2,8 млрд.теңге сомасына 85 дәрі түрін Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына мерзімінен бұрын жеткізді. Дәрі – дәрмектің бұл көлемі қатаң жеткізу кестесіне сәйкес 2020 жылдың 22 шілдесіне дейін барлық өңірлерге жөнелтілетін болады.
Қазіргі таңда 10 жыл бойы Бірыңғай дистрибьютор жүргізген отандық өндірісті қолдаудың көпжылдық саясаты өз нәтижесін беруде. Қажеттіліктің өткірлігін ескере отырып, отандық дәрі-дәрмек өндірушілер максималды қуатқа және жұмыстың үш ауысымды форматына көшті. Олар ел ішінде болғандықтан, дәрі-дәрмектер конвейерден бірден ауруханаларға кетеді.
Өз тарапынан «СҚ-Фармация» өнім берушілер мен өндірушілерге барынша қолайлы қаржылық жағдайларды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда. Шарттар бойынша барлық дебиторлық төлемдерді төлеу және жеткізушілердің дәрі-дәрмектерді елге жедел жеткізу немесе жедел өндіру үшін барлық ресурстары болуы үшін аванс беру мәселелері пысықталуда.
Дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін болдырмау үшін - тиімді шара ретінде қорларды жаңарту моделін қолдану қарастырылған. Бірыңғай дистрибьютор Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Ведомствоаралық комиссияның ҚР аумағында КВИ пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі хаттамалық шешімін орындау үшін коронавирустық инфекция бойынша клиникалық хаттамаға енгізілген препараттар бойынша өз қаражаты есебінен үш айлық азайтылмайтын қорды қалыптастыру мәселесін пысықтауда.
Ауруханалардың дәрі-дәрмектермен және жеке қорғану құралдарымен жабдықталуына қатысты шиеленісті төмендету үшін тағы бір шара - бұл келіп түсетін гуманитарлық көмек алу кезіндегі процедуралардың жеделдігі мен тиімділігі. Алдын ала ақпараттандыру моделі енгізілді, ол барлық жұмылдырылған мемлекеттік органдар мен құрылымдардың көмегімен барлық қажетті рұқсат беру құжаттарын барынша жедел түрде алуға және келетін гуманитарлық көмекті жөнелтуді жедел бастауға мүмкіндік береді.
Нақты уақыт режимінде әрбір жеткізу буынының үздіксіз жұмыс істеуі бақылануда. Ағымдағы жағдайдың кез келген өзгерістеріне икемді және жылдам шаралар көзделген. Ауруханалар мен провизорлық орталықтарды дәрі-дәрмектермен жедел қамтамасыз ету үшін жеткізу мерзімдері және тосқауылдарды алып тастау бойынша оңтайландыру режимі үнемі жүргізілуде.
Барлық шаралар кешені дәрі – дәрмектерді ең қысқа мерзімде түпкілікті тұтынушы-емделушіге жеткізуді қамтамасыз етеді.