СК-Фармация

Жаңалықтар

Ақтөбе облысына гумманмитарлық көмек келді
25 тамыз 2020
Ақтөбе облысына гумманмитарлық көмек келді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және  облыстық Департамент қызметкерлері тілсіз жау, короновируспен күреске көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды. Жиналған 27 млн.теңгеге 25 оттегі концентратын сатып алып, елімізде орналасқан медициналық ұйымдарға табыстауда.

Бүгін, 24 тамыз күні Жемқорлыққа қарсы Департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов СК «Фармация» қоймасына Агенттіктен жіберілген 2 оттегі концентратын қабылдап алды.

«Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіміздің дәрежесін түсіне отырып, біз ауруханаларға оттегі концентраторларын сатып алу үшін бір күндік жалақыларымызды аудару маңызды және қажет деп есептедік. Сол арқылы СOVID-пен қарсы күреске жанашырлық танытамыз», - деді Агенттік төрағасы А. Шпекбаев.                                                                        

Ақтөбе облысына жеткізілген аталмыш гумманитарлық көмек жақын арада облыстық денсаулық сақтау басқармасына табысталатын болады. Өз кезенде денсаулық сақтау басқармасы оттегі концентраттарына мұқтаж медициналық мекемелерге жеткізетін болады.

На изображении может находиться: 1 человек

«Өкінішке орай коронавирус пандемиясы бірқатар азаматтарымыздың өмірін жалмап өтті. Жарты жылға созылған бұл індет әлі де жалғасуда. Мемлекетіміздің әрбір азаматы өзінің және қоғамның өмірі үшін үлкен жауапкершілік таныту қажет. Карантин режимі аяқталғанымен ауруханаларда көмекке мұқтаж болып жатқан жерлестеріміз де аз емес, сондықтан біздер бір күндік жалақымызды аудару жөніндегі ұсынысты бір ауыздан қолдадық. Келіп жеткен гумманитарлық көмек денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ уақыт қызмет етіп, азаматтарымыздың өміріне араша түседі деген сенімдеміз», - деді Ғ. Досанов.

Сонымен қатар, Департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов Германия, Түркия және көршілес Ресей мемлекетінен келген гумманитарлық көмекке мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, Жемқорлыққа қарсы департамент өкілдері, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Арнайы мониторингтік топ, Денсаулық сақтау басқармасы және СК «Фармация» мамандарынан жасақталған арнайы жұмыс тобы короновирус індетімен күресу жолында облысымызға келіп түскен барлық гумманитарлық көмектерге мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш мониторинг жұмыстарының басты мақсаты жеткізілген көмектің тиісті мекемелерге еш кедергісіз жетуін қамтамассыз ету.

Дереккөз: https://dknews.kz