Жаңалықтар
Коронавирустық инфекцияның екінші толқынына және ЖРВИ маусымына дайындық аясында СҚ-Фармация алдағы эпидемиологиялық маусымға Ресей шығарған «Гриппол®плюс» вакцинасының 2 199 990 дозасын 1,8 млрд. теңгеге сатып алды. Вакцинада А(H3N2) және А(H1N1) маусымдық тұмауына және В типті тұмау вирусына қарсы штамм антигендері бар.
10 қыркүйектегі жағдай бойынша бұл вакцинаның 1 598 336 дозасы еліміздің 17 аймағына жөнелтілді. 434 912 доза медициналық ұйымдарға бара жатыр, ал 166 942 доза вакциналар Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде жеткізіледі және олар дереу республиканың медициналық мекемелеріне жіберіледі.
Биылғы жылы вакциналар жіберіле бастады, өйткені қазақстандықтарды тұмауға қарсы жоспарлы егу 15 қыркүйекте, белгіленген мерзімнен екі апта бұрын басталады.
Жеткізу Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.
Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютор ретінде «СҚ-Фармацияның» жолға қойылған логистикалық желісі бар. Бұл логистикалық желі Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы 4 ірі логистикалық хабты қамтиды, онда вакциналар осы қалалардың медициналық ұйымдары бойынша, сондай-ақ әрқайсысының транзиттік қоймалары бар жақын өңірлер бойынша тасымалданады.
Қазақстандықтарды тегін иммундау үшін Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын вакциналардың сапасы қазақстандық қана емес, сонымен қатар халықаралық талаптарға сай екенін атап өткен жөн.
Медициналық ұйымдарда вакцина болмаған жағдайда «СҚ-Фармация» байланыс орталығына мобильді және қалалық нөмірлерден тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 1439 нөміріне хабарласу қажет. Операторлар мәселенің себептерін анықтап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көмектеседі. Барлық қоңыраулар тегін.
Анықтама:
«Гриппол плюс» – консерванттары жоқ Ресейлік белсенді емес субунитальды адъювантты тұмауға қарсы вакцина ересектер мен балаларда, оның ішінде алты айлық сәбилерде, жүкті әйелдерде және созылмалы соматикалық аурулары бар адамдарда тұмаудың алдын алуға арналған. Жыл сайын вакцинаның штаммдық құрамы ДДҰ-ның ағымдағы эпидемиологиялық маусымға арналған ұсыныстарына сәйкес жаңартылады.