СК-Фармация

Жаңалықтар

Амбулаториялық деңгейде КВИ емдеу үшін тегін дәрі-дәрмектерді  қалай алуға болады?
10 қыркүйек 2020
Амбулаториялық деңгейде КВИ емдеу үшін тегін дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады?

 

Аурудың жеңіл ағымында COVID-19 диагнозы қойылған пациенттер ПТР-тестінің нәтижелеріне қарамастан, тіркелген жеріндегі емханаларында емдеуші дәрігердің тағайындауымен қызуды түсіретін дәрілік заттарды және антикоагулянттарды ала алады.

Денсаулық сақтау министрлігі КВИ диагностикасы мен емдеу хаттамасына ауруды амбулаториялық деңгейде емдейтін пациенттерге арналған 6 препаратты енгізуді мақұлдады. Бұл қабынуға қарсы препараттар Парацетамол мен Ибупрофен, және антикоагулянттар: Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран.

Осы препараттардың екеуі – Апиксабан және Дабигатран – Қазақстанда тіркелген аналогтары жоқ. Олар тікелей өндірушілерден сатып алынды: Пфайзер (Апиксабан) Эликвис компаниясы шығарған және Берингер Ингельхайм (Дабигатран) Прадакс шығарған. Бұл препараттар бұрын негізінде стационарлық көмек үшін қолданылған және СҚ-Фармация қоймаларында жеткілікті мөлшерде бар.

Әр өңір пациенттерді амбулаториялық емдеу үшін жеткілікті болуы керек деп болжанған дәрі-дәрмектердің көлеміне өтінім берді. Бірыңғай дистрибьютордың хабына дәрілік заттар 10 тамызда келіп түсті. 15 тамыздан бастап қазақстандықтар бұл дәрі-дәрмектерді тіркелген жері бойынша емханалардан ала бастады. Ақпараттық жүйелерде дәрігерлер КВИ емдеу үшін дәрі-дәрмектерді тағайындап, рецепт жаза алатындай тиісті бөлімдер енгізілген.

Медициналық ұйымдар 17 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында пациенттерге 23,5 млн. теңге сомасына 1 723 рецепт жазып берді.

Бұл шара инфекциялық және провизорлық орталықтарды жеңілдетуге, COVID-19 жеңіл түрлерін амбулаториялық деңгейде емдеуге, халықтың дәрі-дәрмек сатып алуға арналған қалта шығыстарын, сондай-ақ мемлекеттің стационарлық емдеуге арналған шығыстарын азайтуға мүмкіндік берді.

 

Тегін дәрі-дәрмектерді қайдан алуға болады?

- Бекітілген орны бойынша медициналық ұйымдар жанындағы дәріханаларда.

 

Дәрі-дәрмектерді қалай тегін алуға болады?

Ол үшін сізге:

- Коронавирустық инфекция көріністеріне ұқсас белгілер болған кезде тіркелген жердегі емханаға хабарласуыңыз қажет;

- COVID-19 диагностикасында ПТР-тест нәтижелеріне қарамастан емдеуші дәрігер (ЖПД) көрсетілімдер бойынша ем тағайындайды және ең қолайлы, қажет препараттарға электрондық рецепт жазады;

- Пациент рецепт пен жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде, тіркелген жері бойынша емхананың жанындағы дәріханадан дәрі-дәрмекті тегін ала алады.

 

Егер рецептіде жазылған дәрілер жоқ болса, не істеу керек?

«СҚ-Фармация» байланыс орталығына тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 1439 (мобильді және қалалық нөмірлерден) хабарласу керек. Операторлар мәселенің себептерін анықтап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көмектеседі. Барлық қоңыраулар тегін.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі