Жаңалықтар
25 қыркүйекте онлайн-форматта ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың «СҚ-Фармация» ЖШС қоғамдық жұмыс тобының мүшелерімен кездесуі өтті.
Кездесу СҚ-Фармацияның бастамасымен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемалары мен мүмкіндіктері және өзара іс-қимыл механизмдерін талқылау мақсатында өтті. Кездесу барысында денсаулық сақтау министрі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жүйелі мәселелерін талқылады.
Қоғамшылдар министрмен дәрі-дәрмектерді сатып алуды жетілдіру, жоспарлау және логистика, фармацевтика нарығының даму серпіні мәселелерін талқылады.
Қоғамдық жұмыс тобының ұсынысы бойынша компанияда «СҚ-Фармация» қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша жобалық топтар енгізілді, олардың дамуы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге көмектеседі: дәрі-дәрмектерді сатып алуды жетілдіру, жоспарлау, таңбалауды енгізу, логистиканы жетілдіру, отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту, Big Pharma бағдарламасын дамыту (ТОП-30 Халықаралық фармацевтикалық брендтерінің тәжірибесі), IT дамыту екенін айта кету керек.
Кездесу барысында министрге компанияның ашықтығын қамтамасыз ету бойынша пысықталған механизмдер, атап айтқанда жақында СҚ-Фармацияда құрылған «Проблемалық мәселелер кітабы» ұсынылды.
Жұмыс тобының отырыстары барысында көтерілетін барлық мәселелер «Проблемалық мәселелер кітабына» енгізіледі және жедел шешімдер қабылдау үшін қаралады. Осылайша, «Проблемалық мәселелер кітабы» шеңберінде 44 жүйелі мәселе көтерілді.
СҚ-Фармация жұмыс тобының мүшелері Бірыңғай дистрибьютор жүргізетін пандемиямен күрес жөніндегі жұмысқа азаматтық қоғамның кең және белсенді қатысуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар ұсынды. Кездесуде әлеуметтік маңызы бар орфандық препараттарды қоса алғанда, дәрі-дәрмектердің мерзімі мен оларды тіркеу мәселелері көтерілді.
Қоғам белсенділерінің көтерген маңызды мәселелерінің бірі орфандық және басқа да аурулармен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері болды. Қоғамдық белсенділер әлеуметтік маңызды және орфандық аурулар бойынша дәрі-дәрмектердің үзілуін болдырмауды және ерекше бақылауға алуды сұрады.
Өз кезегінде, министр бүкіл әлемде кез келген препарат міндетті тіркеуден өтуі тиіс екенін атап өтті, өйткені препараттың қауіпсіздігі, тиімділігі, шағымы болған жағдайда мемлекеттік органда оларды тексере алатын құжаттары болуы тиіс, өйткені кейде дәл осы препараттар сирек аурулары бар пациенттердің өмірі үшін маңызды болады.
Қоғамдық топтың ұсынымы бойынша ұсыныстар әзірленіп 1729 ҚРҮК енгізілді, әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша дәрі-дәрмектер қорын қалыптастыру мүмкіндігі үшін медициналық ұйымдарға қарағанда 25%-ға көп өтінім түскен, бұл жеткізілімдегі іркілістер проблемасын шешуге мүмкіндік беретіндігін естеріңізге сала кетейік,
Сонымен қатар, қоғам белсенділері проактивті фармакологиялық қабағалауды күшейтуге назар аударды, себебі сары карталар жеткіліксіз көлемде беріледі, және дәл осы үшін дәрілік заттарды пайдаланудың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауда жүйелі тәсіл қажет.
Сондай-ақ, қоғам белсенділерінен ДДҰ-ның Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген негізгі дәрілік заттар тізіміне кіретін дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы ұсыныс түсті. Бұл, жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, халықты базалық дәрілік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді.
Сондай-ақ, жұмыс тобы әрбір өңір деңгейінде мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін дәрілік заттарды тұтынуды бағалау мәселесін қарау туралы жеке тоқталды.
Сонымен қатар, тараптар пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеу модельдерін талқылады, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің үздіксіздігін жетілдірудің жалпы тәсілдерін белгіледі.
Кездесу қорытындысы бойынша А. Цой отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, министрліктің қоғамшылдармен ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жасауға ашық екенін атап өтті.
«СҚ-Фармация» ЖШС-нде қоғамдық жұмыс тобы құрылды, оған азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкілдері, депутаттар мен салалық сарапшылар кіретіндігі туралы естеріңізге сала кетейік.
Қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында жұмыс тобы құрылды. Бүгінгі таңда 2 отырыс өткізілді. Жұмыс тобының отырыстары «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Фейсбук ресми парақшасында таратылады.