СК-Фармация

Жаңалықтар

«СҚ-Фармация» Kazakh Invest-пен бірлесіп әлеуетті инвесторлар үшін INVESTMENT GUIDE BOOK жолкөрсеткішін дайындады
24 қараша 2020
«СҚ-Фармация» Kazakh Invest-пен бірлесіп әлеуетті инвесторлар үшін INVESTMENT GUIDE BOOK жолкөрсеткішін дайындады

2020 жылғы 24 қарашада, Нұр-Сұлтан қаласы а.ж. 18 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кездесуі барысында коронавирус пандемиясының жағдайында Қазақстандағы экономикалық және инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру жөніндегі шаралар егжей-тегжейлі қаралды.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық фармацевтика саласын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Президент 2025 жылға қарай Қазақстан өз фармөндірісінің үлесін 50%-ға дейін арттыруды көздеп отырғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта жергілікті нарықтағы отандық өндірушілердің үлесі құндық мәнде 17%-ды құрайды.

Бұдан басқа, медициналық жабдықтар мен шығыс материалдарының өндірісі белсенді дамитын болады. Бұл салалар инвестиция үшін ашық және баяндамада айтылғандай жобалар мемлекет тарапынан толық қолдау алады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үкіметі Фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдады, оған сәйкес жеке фармацевтикалық өндіріс үлесін 50%-ға дейін арттыру және 30-дан астам ірі фармацевтикалық өндірісті іске қосу жоспарлануда. 

ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау және фармөнеркәсіпті дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында «СҚ-Фармация» Kazakh Invest-пен бірлесіп әлеуетті инвесторлар үшін – INVESTMENT GUIDE BOOK жолкөрсеткішін дайындады. Жолкөрсеткіштің міндеті – «бір терезе» қағидаты бойынша ірі дәрі-дәрмек брендтер еліне қаптамадан бастап өндірістің толық цикліне дейін кіру алаңын қамтамасыз ету.

INVESTMENT GUIDE BOOK – қолда бар инвестициялық артықшылықтар туралы ақпарат беру және отандық, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін рәсімдердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Оның міндеті инвесторларға инвестициялық жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсету, туындайтын мәселелерді уақтылы шешу, бір терезе қағидаты бойынша инвесторлардың мемлекетпен байланысуының бірыңғай нүктесі.

«Отандық өндірушілерден ДЗ мен МБ сатып алу рәсімдері» бөлімінде дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды және медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу тәртібі, келісімшарт өндірісі бойынша сатып алу тәртібі, шарттар жасасу өлшемшарттары және конкурстық комиссияның құрамы егжей-тегжейлі сипатталған.

«ДЗ мен МБ-ны тіркеудің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты» бөлімі ДЗ немесе МБ-ны мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу нұсқаулығын, сондай-ақ ДЗ мен МБ-ны сатып алу тізімдерін қалыптастыру тәртібін қамтиды.

Сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, бағаларды реттеу мәселелерін, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаларын және тиісті фармацевтикалық дағдыларды реттеуші нормативтік-құқықтық актілердің барлық тізбесі өзектендірілді.

Ақпараттық-талдау блогында Қазақстанның фармацевтикалық нарығының құрылымы және СҚ-Фармация жұмысының соңғы 10 жылдағы ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде сатып алуды талдау ұсынылған.

Әлеуетті инвесторлар үшін «Отандық өндірушілер мәлімдемеген, 2021 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютор тізімінің позициялар тізбесі» пайдалы ақпарат болады.

Инвестициялық ахуалды қалыптастыру үшін барлық материалдар рәсімделіп, инвестициялық қоғамдастық үшін түсінікті форматта ұсынылды. Сондай-ақ, құжатқа «Бәйтерек» Холдингінің, Qazindustry, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қаржылық және инвестициялық институттары түріндегі мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары енгізілген.

«Бәйтерек» Холдингі ақпараттық блогында инвестициялық жоба бойынша кредит беру / кепілдіктер беру, жеңілдікті қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде үлестік қаржыландыру, жабдықты сатып алу үшін лизингтік қаржыландыру және кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралдары және т. б. ұсынылған.

Инвестицияларды тарту және республиканың инвестициялық имиджін ілгерілету жөніндегі жұмысты үйлестіру жөніндегі бірыңғай орталықтың (АХҚО) құралдарына салықтық, визалық және еңбек артықшылықтарын, сондай-ақ ағылшын құқығы қағидаты бойынша сот пен төрелікті беру кіреді.

INVESTMENT GUIDE BOOK-те ұсынылған барлық ақпарат ағылшын және қазақ тілдерінде ұсынылған және ҚР тиісті заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ескере отырып, тұрақты негізде жаңартылатын болады.

 

 

Анықтама үшін:

 

«СҚ-Фармация» дәрі-дәрмектердің бірыңғай дистрибьюторы. Компания тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырады. Сондай-ақ, компания дәрі-дәрмектерді сақтайды, мемлекеттік медициналық мекемелерге логистика процестерін ұйымдастырады. 2011 жылдан бастап «СҚ-Фармация» республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алуды, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарына қаржы лизингі шарттарында беруді ұйымдастырушы.

 

 

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылды.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі