Жаңалықтар
Үстіміздегі жылғы 21-22 қарашасында «СҚ-Фармация» ЖШС кеңселік базасында белгілі ғалымдар Абел Аганбегян және Сергей Календжянның жетекшілік етуімен «Тиімді басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбына арналған оқу семинары өткізілді.
Абе́л Гёзевич Аганбегя́н – белгілі ресейлік экономисті, Ресей ғылым академиясының академигі, қолданбалы және теориялық экономика саласындағы Армения мамандары ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі.
Қазіргі уықытта әр түрлі елдердегі белгілі компанияларлармен бірлесіп бірқатар бірлескен жобаларды іске асыруда, ресей нарығындағы «Бейн энд Компани» халықаралық жетекші консалтингтік компанияларының бір болып саналатын «Линк» британ-ресей бірлескен кәсіпорнының Директорлар кеңесінің төрағасы, «Зенит» банкі кеңесінің төрағасы, «Газпром» ЖАҚ ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі, бірнеше халықаралық университтердің құрметті докторы, сондай-ақ РФ ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары басшыларының басын қосатын Директорлар клубын басқарады.
Абел Аганбегян Ресейдің бірқатар өңірлерінің экономикалық даму тұжырымдамасы авторларының бірі, сондай-ақ көптеген ғылыми жұмыстардың авторы және қосалқы авторлары.
Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму стретегиясын құру бойынша жұмыстарға қатысқан, емдеу мекемелерін дамыту мәселелеріне барынша көңіл бөліп, сол бағыттарда жұмыстар жүргізген денсаулық сақтау салаларындағы белді маман және танымал консультант болып табылады.
Сергей Оганович Календжян – корпоративтік менеджмент саласының маманы, экономика ғылымдарының докторы, РФ еңбек сіңірген экономисі, корпоративтік оқу бағдарламасы «Корпоративтік басқарудың жоғары мектебі» факультетінің деканы.
Осы аталған екі ғалым, аталған шара спикерлері РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының мүшелері, РФ-ның бизнесін құру қызметтерін ұйымдастыру және ғылым, педагогика салаларына өлшеусіз үлес қосқан мамандар.
Семинар барысында консультанттар өзінің теориялық және тәжірибелік білімдерімен бөлісті. Семинарда С. Календжяның авторлығымен жасалған басшылар мен мамандарға арналған оқу бағдарламасы таныстырылды. Осыдан кейін тыңдаушылар семинарда алған мәліметтерін компания қызметтеріне қолданып көріп дағдыларынан өтті. Семинар қатысушылар спикерлерді сұрақтың астына алды, осы жерде дәйекті де, қызықты пікірталас алаңы орын алды. Соның нәтижесінде көптеген көкейкесті мәселелерге жауап табылды. Жалпы алғанда, семинарға барлық қатысушылар үлкен қызығушылық танытты және тренигтің пайдалы шара болғандығын атап өтті.
Семинар жұмысы алдында танымал қонақтар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова және вице-министр А.В. Цоймен кездесті. Кездесу барысында ғалымдар еліміздің денсаулық сақтау жүйесімен танысты және әлемдегі және Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде түйісетін жалпы экономикалық мәселелерді талқыланды.