СК-Фармация

Жаңалықтар

11 наурыз 2016
11 наурыз күні «Нұр Отан» партиясының сайлауалды қалалық штабының агитациялық тобының мүшелері «СК-Фармация» ЖШС-не келді

11 наурыз күні «Нұр Отан» партиясының сайлауалды қалалық штабының агитациялық тобының мүшелері «СК-Фармация» ЖШС-не келді.

Өздерінің сайлауалды бағдарламасын түсіндіру үшін, олар «СК-Фармация» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Топ құрамына «Нұр Отан» ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер - Карағұсова Гүлжана Жанпейісқызы және Яковлева Татьяна Ивановна, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының сенімді тұлғасы Насибов Шахим Ядигарович кірді.

Агитациялық топ мүшелері «СК-Фармация» ЖШС еңбек ұжымын партияның сайлауалды платформасының негізгі қағидаларымен таныстырды. Кездесу барысында, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру, әлеуметтік-мәдени саласындағы жетістіктер, сонымен қатар, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«НұрОтандықтар» сайлаушыларды алдағы Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі маслихаттар  сайлауына белсенді қатысуға шақырды.

 Сонымен қатар, кездесу аясында «СК-Фармация»  ЖШС- нің 11 қызметкеріне партиялық куәліктер табысталды.

Салтанытты шара барысында сөз алған «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы  Нұржан Әлібаев, Компания ұжымы және оның белсенді қызметкерлері-партияның мүшелігіне өткен тұлғалар елімізде болып жатқан саяси оқиғалардан сырт қалмауы керектігін және қазіргі кезде орталық аппарат тұңғыш партиялық ұйымдарды құру үшін барлық жағдайларды жасап жатқандығын айтты. «Біз партияның қатарында болуды өте жоғары жауапкершілікпен сезінеміз. Компания қызметкерлеріне-«Нұр Отан» партиясының мүшелеріне саяси партияның дамуына қолдау және көмектер көрсетіп жатқандықтары үшін алғыс айтқым келеді», - «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы.

 

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі