Қазақстан жаңалықтары
Бүгін елімізде «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» атты емханаларға тіркелу науқаны басталды. Бұл туралы баспасөз маслихатында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
Сондай-ақ, баспасөз конференциясына ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарма төрайымы Елена Бахмутова және ҚР ДСМ электронды денсаулық сақтауды дамыту департаментінің басқарма басшысы Бейбіт Есенбаев қатысты.
«Емхана – ол қандай да бір медициналық көмек алу үшін «кіреберіс» болып табылады. Онда Сіз шын мәнінде қай мекенжайға тіркелгеніңізді тексеру маңызды. Себебі, азамат бір қалада, ауданда тұрғанымен, ол сол мекенжай бойынша тіркелмеген болуы мүмкін. Осы орайда азаматқа медициналық қызмет көрсету бойынша қиындықтар туындайды. Осыған байланысты, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтау керек», - деді Лязат Ақтаева баспасөз конференциясында.
Өз кезегінде, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрайымы Елена Бахмутова тіркелу науқанының ерекше маңыздылығына тоқталып өтті. Оның айтуынша, бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізуге дайындық шараларының бірі болып табылады.
«Қазірден бастап өзіңіздің азаматтардың қай санатына жататыныңызды анықтап алыңыз. Жарнаны сіз үшін кім төлейді: мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әлде, өзіңіз бе? Осыны түсініп алу керек», - деп түсіндірді Е.Бахмутова.
Қор төрағасы МӘМС заңы бойынша, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 15 санаттағы азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейтінін тілге тиек етті.
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына (бұдан әрі – АМСК) тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу, дәрігерді еркін таңдау, медициналық ұйымды бір әкімшілік-аумақтық бірлік құзыреті бойынша жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда азаматтар дәрігер мен емхананы еркін таңдаған кезде емханаға тіркелу бір жылда бір реттен артық болмауы тиіс.
АМСҚ ұйымдарына тіркелу үшін азамат сол ұйымға өтініш білдіруі қажет. Ал отбасы мүшелерін тіркеу үшін олардың жазбаша келісімімен бірге әрбіреуінің жеке бас куәлігі болуы шарт.
«Емхананы таңдау кезінде медициналық қызмет көрсетуші ұйымның сіздің тұрғылықты мекенжайыңызға жақын болғаны жөн. Бұл Сізге және Сіздің учаскелік дәрігеріңізге де ыңғайлы. Жедел көмек қажет болғанда уақытында келген дәрігер жедел және сапалы көмек көрсете алады, - деді ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.
Сонымен қатар, ҚР денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша азаматтарды емханаға тіркеу МӘМС жүйесіне қатысу үшін өте маңызды. Өйткені емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне және атап айтқанда, сақтандырылған азаматтар – медициналық сақтандыру пакеті аясында медициналық қызметтер пакетіне қол жеткізеді.
Еліміздің әр тұрғыны емханаға тіркелу науқаны аясында бастапқы медициналық ұйымға тіркелгенін тексерумен қатар, өзінің категориясы туралы мәлімдеуі қажет. Сіз кімсіз - жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер, өзін-өзі қамтушы азамат, әлде ресми кірісі жоқ немесе еш жерде жұмыссыз болып тіркелмеген жұмыссыз азаматсызба?
Ертең сақтандырылған адамның мәртебесін және оған қатысты қажетті медициналық көмек алу кезінде қиындықтар туындатпау үшін барлығын қазір анықтау маңызды болып табылады.
МӘМС жүйесіне қатысу туралы барлық ақпаратты, жарналар мөлшері және төлеу схемаларын Сіз өз емханаңыздағы тіркеу орны немесе сіздің учаскедегі медициналық қызметкерге жүгіну арқылы біле аласыз.
Сонымен Сіз емхананы таңдадыңыз, енді оған қалай тіркелу керек? Мұны жүзеге асыру өте оңай.
Бұл үшін Сізге емханаға жеке куәлігіңізбен келіп, бас дәрігердің атына өтініш жазу қажет. Өтінішті тіркеу қабылдау барысында Сізден ешқандай мекенжай анықтамасы талап етілмейді. Сізді тіркеу өтініш түскен күні жүзеге асырылады.
Емханаға тіркелудің екінші тәсілі интернет пайдаланушылар үшін ыңғайлы. "Электронды үкімет" (еgov.kz) порталы арқылы электрондық құжат нысанында азаматтың мәліметтерін көрсете отырып сұрау салу қажет. Емханадағы жауапты қызметкер электрондық сұрау салуды тиісті ақпараттық жүйелерден алады және Сіздің тіркеу туралы талоныңызды ресімдейді, сондай-ақ электрондық түрде. Тіркелгеніңіз жөніндегі туралы ақпаратты "еgov" порталындағы «Емхананы таңда» бөлімінде анықтай аласыз.
«Сондай-ақ, азамат тек бір емханада ғана тіркеле алады және біруақытта бірнеше емханада тіркелуі мүмкін емес. Азаматтардың өздері өтініштермен келіп АМСК ұйымдарына тіркеу кезінде, бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан автоматты түрде шығару «Азаматтарды тіркеу регистрі» порталы арқылы жүзеге асырылады», - атап өтті Ажар Төлеғалиева.
ҚР ДСМ-нің Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің 2017 жылғы қаңтардағы ақпараты бойынша 17 млн.635 мың.937 адам тіркелген. Оның ішінде: ер адамдар 8 млн. 460 мың 120 адам және 9 млн.175 мың 817 әйел адамбар. 18 жасқа дейінгі балалар саны 6 млн. жуық, жұмысқа белсенді 60 жасқа дейін – 9,6 млн., 60 жас және одан жоғары егде жастағы адамдар саны 2 млн. асады.
ҚР бойынша АМСК ұйымдарының саны – 479, оның ішінде қалалық – 268, ауылдық – 211, соның ішінде жекеменшік – 97.
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық қызмет көрсететін жеткізушілер барлығы – 1043, оның ішінен 70,4% мемлекеттік медициналық ұйымдар.