СК-Фармация

Қазақстан жаңалықтары

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдардағы есепке алу құжаттарын 32%-ға қысқартты
04 сәуір 2017
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдардағы есепке алу құжаттарын 32%-ға қысқартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің медициналық ұйымдарында автоматтандырылған жұмыс орны болған жағдайда медициналық қызметкерлер жүктемесін әрі қарай азайту мен уақытын тиімді пайдалану мақсатында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі есепке алу құжаттарын 32%-ға қысқартты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Осы орайда, ҚР Денсаулық сақтау министрі «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына қол қойды. Түзетулер ауруханалар мен емханаларда, сонымен қатар қан қызметі ұйымдарында және т.б. медицина қызметкерімен толтырылатын есепке алу формаларына қатысты. Бұйрық ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен, Денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму мәселелері бойынша қоғамдық кеңеспен, «Атамекен» ҚР ҰКП-мен, кәсіби медициналық және фармацевтикалық бірлестіктермен, ҚР ДСМ ведомствоға бағынысты ұйымдармен келісілді. Естеріңізге сала кетейік, аталған шаралар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес есеп құжаттарының үлгілерін оңтайландыруға, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есеп берудің ұлттық жүйесін «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге негізделген.



Дереккөз: Қазақпарат