СК-Фармация

Қазақстан жаңалықтары

Л.Ақтаева: Ауруларды алдын алудың қолжетімді тетіктерін құру үшін қоғамдық денсаулық қызметі қалыптастырылды
09 тамыз 2017
Л.Ақтаева: Ауруларды алдын алудың қолжетімді тетіктерін құру үшін қоғамдық денсаулық қызметі қалыптастырылды

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің дамуы ұлт саулығын қамтитын көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева ҚР Үкіметінің брифингінде айтты, деп xабарлайды  Вnews.kz.

Денсаулық саласын дамытудың "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру" тақырыбында баяндама жасаған Денсаулық сақтау вице-министрі Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты - Мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын сақтаудың тиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.

«Мемлекеттік бағдарламаның негізгі 7 бағыты анықталды: Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту, МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары айналасына интеграциялау, медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру, ниеттестікті ендірудің негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оның қаржылық тұрақтылығын арттыру, денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, инновациялар мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол Денсаулық сақтау аясындағы мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың арқасында соңғы он жылда барлық негізгі көрсеткіштер оң динамикаға ие болып отырғанын, адамның күтілген өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұзарғанын, жалпы адам өлімі 27 пайызға қысқарғанын, ана өлімі 4 есе төмендегенін, сәби өлімі 1,6 есе, қатерлі ісік аурулары 20 пайызға, туберкулез ауруынан қайтыс болғандардың саны 5 есе азайғанын баяндады.

Вице-министр денсаулықты нығайту және ауруларды алдын-алу бойынша тиімді және қолжетімді тетіктерді құру мақсатында қоғамдық денсаулық қызметі қалыптастырылғанын да жеткізді. Осыған тектес қызмет түрі аймақтарда да құрылуда.

Екі бағыт бойынша МСАК деңгейінде медициналық көмек көрсету. МСАК дамыту мен жаңғырту, жедел медициналық жәрдемді дамыту, денсаулық сақтаудың барлық қызметін біріктірумен арнайыландырылған медициналық көмекті дамыту қарастырылған.

Елімізде жыл сайын МСАК дәрігерлеріне 50 млн-ға жуық адам тіркеледі. ҚР 1 тұрғынына шаққанда дәрігерге 3 рет кіру тіркеліп отыр. Экономикалық әріптестік және даму халықаралық ұйымының (ЭӘДҰ) елдерінде бұл көрсеткіш 6,7-ге тең.

«Медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру және кешенділігін қамтамасыз ету үшін емделушілердің мұқтаждылығы аясындағы денсаулық сақтаудың барлық қызметін біріктіру саясаты жүргізіліп отыр», - деді вице-министр.

Бұдан өзге, үшінші бағыттың шеңберінде медициналық қызмет сапасымен қамтамасыз ету медициналық көмектің сапасын басқаруды және стандарттауды, денсаулық сақтауда аккредитация мен лицензия берудің дамуын қарастырады. Медициналық қызметтің сапасы жөніндегі біріктірілген комиссиясы құрылды. 2016 жылы Біріктірілген бақылау комиссиясында диагностика мен емдеудің 281 клиникалық хаттамасы, 40 медициналық технологиясы және медициналық көмек көрсету ұйымының 8 стандарты мақұлданды. 2017 жылдың 1 жарты жылдығында диагностика мен емдеудің 59 клиникалық хаттамасы, 14 медициналық технологиясы мақұлданды.

Сондай-ақ, төртінші бағыт бойынша (Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясаты) өндірушілермен тікелей қарым-қатынас орнату шеңберінде дәрі-дәрмекті сатып алу артуда. Бұл үнемделген қаржыны қосымша дәрі-дәрмекті сатып алуға жолдауға мүмкіндік береді. Бірыңғай дистрибьютордың жалпы сатып алуда отандық өндірушілердің үлесі таза табиғи есеппен 75%-ды, қаржылай есеппен 30%- ды құрап отырғанын да атап өтті. Қазіргі таңда Бірыңғай дистрибьютер арқылы 909 бағдарды жеткізуде отандық дәрі-дәрмек өндірушілермен 23 ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.

Денсаулық сақтау вице-министрі бесінші бағыт бойынша (Ниеттестікті ендірудің негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оның қаржылық тұрақтылығын арттыру) әлеуметтік медициналық сақтандырудың қоры қызмет етуде, барлық өңірлерде оның барлық филиалдары құрылды және басшылары тағайындалғанын xабарлады.

"ӘМСҚ енгізуде қоғам санасын дайындау мен қалыптастыру мақсатында халық, жұмыс берушілер, медициналық жұмысшылар арасында кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Алтыншы бағыт бойынша (Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру) біз шетелдердің жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестік орната отырып, медициналық білімді жаңғырту жұмыстарын жүргізіп келеміз. Медициналық жоғары оқу орындарының стратегиялық шетелдік серіктестері анықталды, 5 жылға дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осының шеңберінде университеттік клиникалардың құрылады, оқытушыларды қайта оқытудан өткізіледі ",-деді вице-министр.

Өз баяндамасын түйіндей отырып, Лязат Ақтаева жетінші бағытты іске асыру барысында жалпы сомасы 12 млрд теңге болатын 11 жергілікті жоба бойынша МЖМӘ келісім –шарты жасалғанын баса айтты. Павлодар облысында 4 жоба, Ақтөбе облысында - 3, Қостанайда - 1, Ақмолада - 1, Қызылорда облысында - 1, Оңтүстік қазақстан облысында - 1.

Биылғы жылы да ҚР ДСМ электронды денсаулық құжатын енгізу бойынша жобаны жалғастыруда. Бұл адам өмірінің соңына дейінгі денсаулығы жайында мәліметтің тіркелуіне мүмкіндік береді.

 

Дереккөз: BNews.kz