Қазақстан жаңалықтары
2017 жылдың 6 айында облыста бала өлімі көрсеткіші 53,5%-ға төмендеді, ал ана өлімі бірде бір рет тіркелген жоқ. Бұл туралы Қызылорда облысының бас дәрігері Ақмарал Әлназарова жергілікті БАҚ өкілдерімен болған брифингте мәлімдеді.
Аталған мәселенің алдын алу мақсатында облыстық балалар ауруханасы жанынан ашылған 6 төсек-орындық неонаталды хирургия бөлімшесіне жергілікті бюджеттен бөлінген 42 млн теңге бөлініп, медициналық-құрал жабдықтар алынған. «Биылғы жылдың 6 айында алғаш рет өңірде кеуде клеткасының деформациясына, жұлын-ми жарығы, жайылған перитонитке, бас сүйегі дефектісіне, гидроцефалиямен туған 21 нәрестеге ота жасалынды», - деді Ақмарал Әлназарова. Сонымен қатар облыста 5 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығын төмендету, өлім-жітімді болдырмау және балалардың физикалық-психикалық жетілуіне жақсартуға мүмкіндік туғызатын «Тиімді технологиялар тренингтік орталығы» ашылғандығын атап өтілді.
«Орталыққа жергілікті бюджеттен 7,5 млн тенге бөлініп, 1 077 медицина қызметкерлері баланың ауруларын ықпалдастыра емдеу бағдарламасымен оқытылды», - деді аймақтың бас дәрігері.
Оның айтуынша, бұл - медицина қызметкер арасында бала күтіміне байланысты біліктілікті арттырып, аурушаңдық деңгейін ерте анықтауға мүмкіндік береді. Басқарма басшысының айтуынша, негізгі жұмыстар «Денсаулық» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Бағдарлама аясында 203 іс-шара атқарылып, 28 нысаналы индикаторға қол жеткізу мақсаты тұр. Жоспардың басты мақсаты - облыс тұрғындарының күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72,1 жасқа жеткізу. Биылғы жылға межеленген жас 71,91 болса, республикада 72,2 жас.
Саланың басты тетігі - кадр мәселесі. Өткен жылы кадр әлеуетін арттыру үшін, 3 жылдық перспективалы жоспар бекітілген. Мамандарды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру үшін облыс бюджетінен 60 млн теңге бөлінген. Биылғы жылдың жарты жылдығында 34 қажетті мамандар қайта оқытылып, 828 дәрігер, 556 мейірбике біліктілігін арттыруда.
Саланың басты тетігі - кадр мәселесі. Өткен жылы кадр әлеуетін арттыру үшін, 3 жылдық перспективалы жоспар бекітілген. Мамандарды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру үшін облыс бюджетінен 60 млн теңге бөлінген. Биылғы жылдың жарты жылдығында 34 қажетті мамандар қайта оқытылып, 828 дәрігер, 556 мейірбике біліктілігін арттыруда.
Соңғы екі жыл қатарынан облыс үшін қажетті мамандарды резидентураға дайындау мақсатында облыс әкімінің гранты бөлініп келеді. Былтыр 11 резидент, биыл 20 үміткер аталмыш грантқа ие болды.
Мамандар мәселесінің шешілуі нәтижесінде, емханадағы дәрігерлік аймақтағы халық санын 2 200-ден 1 800-ге дейін төмендетілді. 2019 жылға 1 500-ға дейін кезең - кезеңімен азайту жоспарлануда. Осыған орай, жыл басынан 33 жалпы дәрігерлік аймақ жаңадан ашылды.
Электронды денсаулық сақтауды дамыту концепциясына сәйкес, салада медициналық ұйымдардың IT-инфрақұрылымдарын жақсарту жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда, Қызылорда облысының барлық аумағында 22 республикалық ақпараттық жүйелер (Емдеуге жатқызу бюросы, Бекітілген халық тіркелімі, Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі, Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі, Диспансерлік науқастардың электронды тіркелімі, Дәрілік қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі және басқалар сияқты) енгізілген. Бүгінде облыс бойынша жергілікті медициналық ақпараттық жүйелер енгізу көрсеткіші 76,5℅ құрады. Бұл өз кезегінде медицина қызметкерлерінің қағазбастылығын жоя отырып, пациентке көңіл бөлу уақытын молайтады. Аймақта биыл ана өлімі тіркелмесе, сәби өлімі көрсеткіші 53,5% төмендеген. Жалпы өлім көрсеткіші былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,7% төмендеп, 1 000 адамға шаққанда 2,6 құрайды.
«Үстіміздегі жылдың 6 айында алғаш рет өңірде кеуде клеткасының деформациясына, жұлын-ми жарығы, жайылған перитонитке, бас сүйегі дефекттісіне, гидроцефалиямен туылған 21 нәрестеге ота жасалынды»,- деді Ақмарал Әлназарова.
Өлім - жітім себебінің құрылымында бірінші орында қанайналым жүйесінің аурулары - 55,9%,екінші орында қатерлі ісіктер -14,6%, үшінші орында -тыныс жүйесі аурулары -14,2%.
Өткен жылы жалпы өлім-жітімнің себептерінің 52% құрайтын аурулардың 5 негізгі нозологиясы бойынша Жол карталары бекітілген болатын. Жол картасы салаға көптеген жақсы нәтижелерін беруде. Яғни, қатерлі ісік ауруынан өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 5,1% төмендеді. Сондай-ақ, туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 55,2%-ға, жарақат, улану, жазатайым жағдайлардан 28,2% азайған.
Былтыр жедел жәрдем қызметін жетілдіру мақсатында аудандық жедел жәрдем бөлімдері біріктіріліп, «Көмек» бірыңғай ақпараттандыру жүйесі қызметі енгізілді. Жүйе минутына 30 қоңырауға дейін қабылдай алады. Жедел жәрдем станциясында қосымша 3 бригада, трасса бойында 12 тірек бекеті ашылды. 264 медициналық қызметкерлер жедел жағдайларда көмек көрсету дағдыларына бейімделген. Жол-көлік оқиғасы тіркелген жағдайда бригаданың жету уақытын азайту мақсатында картография жасалып, аутсорсингке 10 автокөлік алынған. Жыл соңына дейін лизингке 25 автокөлік алынбақшы.
Биылғы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында №3 қалалық емханада амбулаторлық хирургия орталығы, қант диабеті ауруына шалдыққан науқастарға медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында облыстық медицина орталығында «Диабетикалық орталық» ашылды.