СК-Фармация

Қазақстан жаңалықтары

ЕАЭО аясында дәрі-дәрмектердің бірыңғай нарығы іске қосылады
06 мамыр 2017
ЕАЭО аясында дәрі-дәрмектердің бірыңғай нарығы іске қосылады

2017 жылдың 6 мамыры күні Еуразиялық экономикалық одақ елдері Одақ аясында дәрі-дәрмектердің айналамын реттеу жөніндегі нормативтік базаны ратификациялаған соң Еуразиялық экономикалық комиссияның ұйымға мүше мемлекет өкілдерімен бірлесіп әзірлеген ЕЭК-ның 21 шешімі мен ЕЭК алқасының бір кеңесін қоса алғанда 26 құжаттан тұратын мәселелер жиынтығы іске қосылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Еуразиялық экономикалық одақтың 5 мемлекетінің дәрі-дәрмектер ұлттық нарығы бірлесіп, бірыңғай кеңсітік форматында жұмыс істей бастайды»,-деп мәлімдеді ЕЭК алқасының мүшесі (министрі) Валерий Корешков.

«Одақ елдерінің дәрі-дәрмек өндірушілері дәрілерді тіркеу мен оларды өндіруді бірыңғай процедуралар негізінде жүзеге асырып, әкімшілік кедергілерді жою жөнінде ұсыныстарын енгізе алады».

Дәрі-дәрмектердің фармацевтикалық нарықтағы өзгерістері әдеттегі тұтынушылар үшін кешірек сезіле бастайды. Өйткені дәрі-дәрмектердің сипаттамаларын беру, оны тіркеу мен айналымға енгізу процедураларына 7-ден 10 айға дейін уақыт кетеді.

Бірыңғай нарықтың ұлттық нормалары бойынша, дайындау, клиникаға дейінгі және және клиникалық зерттеу, сапаны бақылау, тіркеу, дәрі-дәрмектерді өндіру мен оларды дистрибуциялау шаралары жүзеге асырылады.

«Комиссия ЕАЭО-қа мүше елдердің ең үздік деген эксперттерімен бірлесіп, әлемдік тәжірибе негізінде дәрі-дәрмек нарығының тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті құжаттарды дайындады»,-деді Валерий Корешков.

Олар дәрі-дәрмектерді өндіру мен оларды Одақ елдеріне тарату барысындағы әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған. Аталған құжаттар тиіділігі мен қауіпсіздігі толық зерттелмеген, ал, өндіріс процесі қажетті өндіріс талаптарына сай келмейтін дәрі-дәрмек түрлерін жоя отырып, фармацевтикалық нарықтың өзіндік санациясын қамтамасыз етуге бағытталған.

Дереккөз: inform.kz