СК-Фармация

Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан медицинасындағы ең үздік ұйымдар белгілі болды
30 шілде 2018
Қазақстан медицинасындағы ең үздік ұйымдар белгілі болды

Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2017 жылғы медицина ұйымдарының рейтингісін шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ДСДРО ішкі және сыртқы аудит нәтижелері, сондай-ақ 2017 жыл бойынша пациенттердің пікірлері негізінде ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсететін республикалық, облыстық және қалалық деңгейлердегі медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау қорытындысын шығарды.

Медициналық ұйымдар мен ғылыми орталықтардың жыл сайынғы рейтингі 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған және денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық ұйымдар қызметінің ашықтығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Рейтингті есептеу үшін индикаторлар ретінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы саласындағы 50 жуық ең маңызды көрсеткіштер іріктеліп алынды.

2017 жылғы қорытындысы бойынша рейтингті ДСДРО пациентке бағытталған көрсеткіштерге анағұрлым сезімтал болған әдістемені қайта қарағаннан кейін осы жылы маусым айында есептеген.

Әдістеменің жаңа редакциясында ұйымның бейініне байланысты бірқатар жаңа индикаторлар енгізілген: медициналық ақпараттық жүйені қолдану, дәрігердің 1 мөлшерлемелік орташа айлық ақысының өңір экономикасындағы орташа айлық жалақыға арақатынасы, байқау кеңесінің болуы, медицина персоналының еңбек жағдайларына қанағаттанушылық деңгейі, халықаралық және ұлттық аккредиттеудің болуы (ҒЗИ, ҒО үшін), egov платформасы арқылы дәрігердің қабылдауына электронды түрде жазылу мүмкіндігі және басқалар.

Сондай-ақ, рейтингтің балдық жүйесі екі бағыт: клиникалық қызмет және менеджмент деңгейі бойынша 1-ден 5-ке дейін жұлдыздар беруге ауыстырылды.

Менеджмент көрсеткіштері бойынша сараланған 17 ғылыми-зерттеу институттарының, ұлттық орталықтардың (бұда әрі – ҒЗИ/ҰО) 3-уі, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 168 медициналық ұйымның 5-уі ең жоғары 5 жұлдыз алды. Ересектерге арналған 170 қалалық стационар, ересектерге арналған 32 облыстық стационар, балаларға арналған 13 облыстық стационар және балаларға арналған 15 қалалық стационар, сондай-ақ 25 қалалық және 17 облыстық маңызы бар перзентханалар мен перинаталды орталықтар арасында бірде-бір ұйым ең жоғарғы рейтинг алған жоқ.

Клиникалық көрсеткіштер бойынша жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша ең жоғарғы көрсеткіштері бар санатқа – 5 жұлдыз – 97 қалалық ересектер стационары, 9 облыстық ересектер стационары, 3 - облыстық балалар стационары, 2 – ҒЗИ/ҰО кірді. МСАК ұйымдарының ішінде 8 медициналық ұйым ең үлкен нәтижеге қол жеткізді.

Қалалық маңызы бар 25 перзентханалар мен перинаталды орталықтардың ішінде клиникалық көрсеткіштер бойынша 6 ұйымға 5 жұлдыз берілді: «Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының Қалалық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК, Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жаңаөзен қалалық перзентханасы» ШЖҚ МКК, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК, «Аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталық» ЖШС, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Арқалық перзентханасы» КМК, ҚР ДСМ «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК.

Сондай-ақ, клиникалық қызметі бойынша 5 жұлдызға 17 облыстық перинаталды орталықтың 6-уы қол жеткізді: Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Перинаталдық орталық» ШЖҚ МКК, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК, Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай перинаталдық орталығы» КМК, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК, Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» МКҚК.

Қазіргі уақытта Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Халықтық бақылау» мобильдік қосымшасын іске қосты, онда әрбір пациенттің ТМККК шеңберінде көрсеткен қызметі үшін медициналық ұйымға өз бағасын қоюға мүмкіндігі бар. Осылайша, объективті көрсеткіштер негізінде жасалатын ДСДРО-ның жыл сайынғы рейтингіне қосымша "Халықтық бақылау" мобильдік қосымшасы жыл бойы пациенттермен кері байланыс жасаудың жылдам әдісі болып табылады.

ДСДРО-ның медициналық ұйымдар рейтингі – бұл медициналық ұйымдарды қызмет көрсету сапасын үздіксіз жоғарылатуға ынталандыру. тұтынушыларды ақпараттандыру арқылы сондай-ақ, ол пациенттердің саналы түрде дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауына мүмкіндік береді.

Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) ҚР денсаулық сақтау жүйесі туралы 2018 жылғы есебінде халықаралық сарапшылар қызмет ДСДРО жүргізетін медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалауды тұтынушыларды хабардар ету және медициналық ұйымдар қызметінің айқындығын арттыру құралы ретінде жоғары бағалады және қолдады.

Дереккөз: baq.kz