СК-Фармация

Қазақстан жаңалықтары

Вирустық гепатиттер туралы не білу қажет?
24 шілде 2018
Вирустық гепатиттер туралы не білу қажет?

А вирустық гепатиті - қауіпсіз судың немесе тағамның болмауымен, тиісті санитарияның жоқтығымен және нашар жеке бас гигиенасымен тығыз байланысты, сондықтан оны лас қолдың ауруы деп те атайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, В, С, Д вирустық гепатиттері жұқтырған адам ағзасының қанымен немесе сұйықтығымен байланысы кезінде беріледі: босану кезінде анадан балаға; қауіпсіз емес инъекциялар мен қан құю арқылы; қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде, инъекцияларға арналған құрылғыларды бірлесе пайдаланған кезде инъекциялық есірткілерді тұтыну нәтижесінде беріледі.

Е вирустық гепатиті ауыз суының ластануы нәтижесінде басты түрде фекальді-оральды жолмен беріледі. Е гепатитінің қатер факторлары нашар санитариямен байланысты, оның нәтижесінде жұқтырылған адамның нәжісіндегі вирус ауыз сумен қамтамасыз ету көздеріне түседі.

Ұсынымдар:

- Таза суды тұтыныңыз;

- Қауіпсіз азық-түліктерді пайдаланыңыз;

- Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтаңыз;

- Косметикалық ем-шаралардыарнайы мекемелерде жасаңыз;

-Күмән туғызатын тату, пирсинг-салонынан, шаштараздан, сұлулық салонынан, барбершоптан аулақ болыңыз;

- Тек сенімді мамандарға ғана жүгініңіз және барлық құрал-саймандар Сіздің қатысуыңызбен қаптамадан алынып және өңделгенін талап етіңіз;

- Есірткі қолданбаңыз;

- Қауіпсіз жыныстық қатынасты тәжірибелеңіз;

- А және В гепатитіне қарсы уақтылы вакциналаудан өтіңіз;

- Басқа адамдардың биологиялық сұйықтықтарымен, оның ішінде қанымен жанасудан аулақ болыңыз;

Ерте кезеңінде вирустық гепатитті диагностикалау вирустың берілуін және асқынудың дамуын алдын алатынын атап өткен маңызды.

Жыл сайын 28 шілдеде әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, бұл: диагностика, гепатитке қарсы вакциналау және т.б. әр ел азаматының қызығушылығын арттыруға бағытталған, Бүкіләлемдік гепатитпен күрес күні атап өтіледі. 2018 жылдың ұраны: Гепатиттің алдын алыңыз. Кешеуілдемей әрекет етіңіз.

Дереккөз: baq.kz