СК-Фармация

Қазақстан жаңалықтары

Бір жылда медициналық сақтандыру қорына 81 млрд теңге түсті
04 шілде 2018
Бір жылда медициналық сақтандыру қорына 81 млрд теңге түсті

Биылғы жылдың маусым айында медициналық сақтандыру қорына 8,7 млрд теңгеден астам жарна аударылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Жүйе іске қосылғалы бері бір жыл ішінде жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген аударым сомасы 80,6 млрд теңгеден асып жығылды. Оның 72,1 млрд теңгесі (89,5% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8,5 млрд теңге (10,5% жуығы) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі», - деп хабарлады Медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Қор мәліметінше, жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Қолданыстағы заң бойынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылдан басталуы тиіс.

Дереккөз: baq.kz