Бүгін ҚР Парламентінің жалпы отырысы барысында Мәжіліс депуттары Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген дәрі-дәрмектердің экономикалық қолжетімділігін арттыруға, олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұтымды пайдалануға ықпал ететін заң жобасын талқылады. Одан басқа, заң жобасының нормалары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоспарлау мен оларды сатып алу жүйесін жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан жаңалықтары
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәскеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауына және Еуропалық экономикалық одаққа дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жалпы нарығын құруға сәйкес әзріленді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халық үшін дәрі-дәрмектердің экономикалық қолжетімділігін арттыру үшін оларды көтерме және бөлшек сату кезінде дәрі-дәрмекке арналған бағаларды реттеуге мүмкіндік беретін механизмдер енгізілетін болады. Бұл механизмдерді әзірлеу кезінде ЭДЫҰ және ЕАЭО елдерінде дәрі-дәрмектерге арналған бағаларды реттеу бойынша халықаралық тәжірибе ескерілетін болады. Бағалық реттеу механизмдері енгізілгеннен кейін шекті көтерме және бөлшек сату бағалары туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурстарынан және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінен табуға болады, ал бағаларды көтеру туралы фактілерімен халықтан кері байланысты азаматтар үшін арнайы әзірленген мобилдік ұсыныс арқылы енгізу жоспарланып отыр.
Дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заң жобасы 2018 жылғы қаңтардан бастап өндірушілер мен дистрибьюторлар үшін, ал бөлшек сату желісі үшін 2023 жылғы қаңтардан бастап тиісті фармацевтикалық практикалардың халықаралық стандарттарын енгізуді көздейді. Тиісті фармацевтикалық практикалардың халықаралық стандарттарын жедел енгізуді уәждемелеу ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу кезінде сертификат иелері үшін артықшылық болмақ. Дәрі-дәрмекті тіркеуден кейінгі бақылау (фармакологиялық қадағалау) және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін мониторингтеу жүйесі күшейтілетін болады, ол медициналық ұйымдар мен фармкомпанияларды дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың жанама әсерлері жөніндегі ақпаратты ұсынуды міндеттейтін болады.
Одан басқа, заң жобасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды оңтайлы таңдау және оларды этикалық ілгерілету жөніндегі нормаларды әзірлеген болатын.
Дәрілік заттарды сатып алу процесінің айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сатып алу рәсімдерін оңтайландыру және әкімшілік тосқауылдарды төмендету, әлеуетті қызметтер берушілермен жеке қатынасу мүмкіндігін алып тастау, сондай-ақ дәрі-дәрмектің қозғалысына бақылауды қамтамасыз ету үшін. Сондай-ақ, заң жобасы ҚР Қаржы министрлігінің сатып алу порталын қолдана отырып, дәрі-дәрмекті электрондық сатып алуға көшуді көздейді.
Анықтама: Алматы және Астана қалаларындағы бөлшек сату дәріханаларындағы бағалардың мониторингі әртүрлі дәріханада бір атаудың бағасының айырмасы 100%-тен асатынын көрсетті. Мысалы, Кетерол препаратының ең төменгі бағасы 230 теңгені, ал ең жоғары бағасы – 500 теңгені құрайды, айырмасы 100%-тен астам. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында бағалар сатып алудың шекті бағаларын белгілеу арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін сатып алынатын дәрі-дәрмектерге ғана реттелетінін атап көрсетеміз.