Бүүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев ведомство басшысына бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Қазақстан жаңалықтары
Отырыс барысында алғашқы сөз Ерболат Досаевқа берілді. Премьер-министрдің орынбасары Елбасының биылғы Жолдауындағы халықтың денсаулық сақтау саласының алдына мединицалық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру бойынша қойған міндеттеріне тоқталды.
Сонымен қатар, ДСМ жұмысына өз бағасын беріп, еліміздегі денсаулық сақтау жүйесінің даму қарқыны жаман емес екенін айтты.
Елбасының ең басты басымдылық ретінде тиімділігі аз және шығыны көп диспансерлердің қашықтық диагностикасына, сондай-ақ, амбулаториялық емдік қолдану арқылы созылмалы аурулардың алдын алуға көшуді айқындады. Дәрігерлер мен пациенттерге арналған мобильді қосымшаларды кеңінен енгізу, жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін халықаралық тәжірибелерге қарау керектігіне тоқталды. Стационарлық орындар қайта бейімдеу және оңтайландыру бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Премьер-министр орынбасарының айтуынша, осы жылдың соңына дейін ДСМ цифрландыру бойынша барлық жұмысты аяқтау керек. Бүгінгі таңда республика бойынша объектілердің 45%-ға жуығы интернетке қолжетімді. 79,6 % копьютермен жабдықталған. Объектілердің 75,5 % ақпараттандыру жүйесімен қамтылған. ДСМ өңірлермен бірлесіп 2018 жылдың соңына дейін осы көрсеткіштерді 100% жеткізуі тиіс. Медициналық инновациялық технологияларды енгізу қажеттілігі анықталған.
«Осыған байланысты қолданыстың озық тәжірибесін зерттей отырып, жасанды интеллектіні, биомедициналық информатика және персоналды медицинаны енгізу бойынша жұмыстарды жандандыру қажет. Елбасы өз Жолдауында жоғары медициналық оқу орындарындағы интеграцияланған университет клиникалардың да маңыздылығын атап өтті. Осы жылы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің базасында мемлекеттік жекешелік әріптестік механизмін қолдана отырып Алматыда орналасқан ғылыми зерттеу орталығы ықпалдастыру бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырамын. Мемлекет басшысы Үкіметке халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің жаңа редакциясын әзірлеуді тапсырды. ДСМ-ге кодекс жоспарын әзірлеуге кірісіп, қоғамды, сарапшыларды, халықаралық консультанттарды тарта отырып, осы жұмысты 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын»,- деп өз сөзін қорытындылады Премьер-министрдің орынбасары.