СК-Фармация

Қазақстан жаңалықтары

Халықаралық сарапшылар «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы нәтижесін жоғары бағалады
20 сәуір 2016
Халықаралық сарапшылар «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы нәтижесін жоғары бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк сарапшылары ҚР Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттарын іске асыру шараларына оң баға берді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарланды.

Атап айтқанда, халықаралық сарапшылардың ең жоғарғы бағасына медицинаның профилактикалық бағытын күшейту, ұйымдардағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру, медициналық көмекті басқару мен қаржыландыру бағыттары ие болды.

Мембағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде барлық 8 мақсатты индикаторлар орындалды: ана (1,8 есеге) мен сәби (1,8 есеге) өлімінің көрсеткіші төмендеді, туберкулезбен сырқаттану (1,6 есеге) азайды, негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардан: қан айналым жүйесі ауруларынан (2 есеге), қатерлі ісіктерден (15%-ға), жарақаттану мен уланудан (на 21%) болатын өлім-жітім төмендеді. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші де азайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 15 қаңтарда Мемлекет басшысы «Саламатты Қазақстан» Мембағдарламасының жалғасы болып табылатын ҚР Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын бекітті.

Дереккөз: ҚазАқпарат