СК-Фармация

Қазақстан жаңалықтары

Денсаулық министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізді
10 наурыз 2017
Денсаулық министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жеке кәсіпкерлік субектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізді. Осы орайда Денсаулық сақтау министрі «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанында жеке кәсіпкерлік субектілері бірлестіктерін аккредиттеу туралы» бұйрық шығарды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Аккредиттеудің мақсаты - аккредиттелген субъектілер бірлестігінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысы бар нормативтік-құқықтық актілерін жасақтауға міндетті түрде қатысуы. Аккредиттеу ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 28 желтоқсанындағы  № 1089 қаулысымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу ережелеріне сай жүргізілді. Айта кетерлігі, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің тізіміне «Қазақстан Республикасы фармацевтикалық өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі; «Қазақстандық табиғат пайдаланушыларының тұрақты даму қауымдастығы»; «ҚазАлко» Қазақстанның алкогольдік өнімдерді адал өндірушілері мен сатушылары қауымдастығы; «Көру қабілетін түзету өнімдерін өндірушілер қауымдастығы»; «KazWaste» қалдықтарды басқару қазақстандық қауымдастығы;   «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы;«Медициналық техника мердігерлерінің қауымдастығы», «Қазақстан Фарммедөндіріс» Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерді өндірушілер қауымдастығы бар.   Сонымен қатар, Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық, «Еуразиялық медициналық қауымдастық» заңды тұлғалар бірлестігі,   «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі; «ZdravAtameken» денсаулық сақтау субъектілерінің бірлестігі де аккредиттеуден өтті.  



Дереккөз: Қазақпарат