Қазақстан жаңалықтары
14 наурыз 2017
Қазақстандықтардың өмір сүруі ұзарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов соңғы он жылда Қазақстан xалқы денсаулығының негізгі көрсеткіштері оң қарқынмен дамып жатқандығын атап өтті. Дегенмен, оның айтуынша, осыған қарамастан, Қазақстан дамыған елдердегі көрсеткіштерден едәуір қалыс қалып келеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат. "Өмір сүру ұзақтығы 10 жылда 72 жасқа дейін ұлғайды. Дегенмен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттерде ол көрсеткіш 80 жастан асады. Ана өлімі 10 жылда 3,5 есе азайған. Алайда бұл дамыған елдердегіден 2 есеге көп. Қарқыны төмендегенмен, бала өлімі ЭЫДҰ-ның көрсеткіштерінен 3 есеге асып отыр", - деді ол Үкімет отырысында.
Дереккөз: Қазақпарат