СК-Фармация

Әлем жаңалықтары

20 қантар 2015
Балалар вакцинасының құны соңғы 13 жылда 68 есеге өскен

«Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымы фармацевтикалық компанияны балаларға арналған вакцина бағасын төмендетуге, оларды сату мен өндіру жүйесін реформалауға шақырды, деп жазады би-би-си.

Үкіметтік емес ұйымның баяндамасында, балаларға арналған вакцинаның стандартты жиыны қазір 2001 жылға қарағанда 68 есеге қымбаттағаны айтылады. Мұндай баға кей елдер үшін дәрілерге деген қолжетімділікті қиындата түсуде.

«Шекарасыз дәрігерлер» баға белгілеу жүйесінің жабықтығын сынға алды.

Бұл ретте кейбір дамушы елдер, мысалы, пневмококк вакцинасына, Францияға қарағанда көбірек төлейді, делінген аталған ұйымның баяндамасында.

Дереккөз: ҚазАқпарат