СК-Фармация

Әлем жаңалықтары

11 желтоқсан 2014
Мобильді телефондар денсаулық үшін зиян емес

Манчестер университеті ғалымдарының айтуынша, мобильді телефондар мен электр тасымалдау желілерінен болатын электромагниттік сәулелену адам денсаулығына зиян келтірмейді.

Ғалымдар мобильді құралдардың электромагниттік өрісінің бедеулік және обыр ауруларын тудыратыны, сондай-ақ балалар лейкемиясына соқтыратыны туралы гипотезаны тексеруге тырысты. Бұл өрістер адам ағзасындағы өмірлік маңызды ақуыздарды зақымдайды деп есептеледі.

Манчестерлік химиктер әлсіз магнитті өрістің (ӘМӨ) флавопротеиндер - жүйке жүйесін басқаруда және ДНҚ-ны қалпына келтіруде маңызды орын алатын ақуызға тигізетін әсерін зерттеді. Сәулелену олардың қызметіне еш әсер етпейтіні анықталды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Әрине, қосымша зерттеулер жасау қажет, алайда аталған жұмыс нәтижесінде электр тасымалдау желілері, мобильді телефондар және оларға ұқсас құралдардың адам үшін қауіпсіз екенін жеткілікті ашықтықпен айтуға болады, деп мәлімдеді мақаланың тағы бір авторы Найджел Скраттон. 

Дәрігерлер, сонда да, мобильді телефонмен көп сөйлесуден аулақ болуға кеңес береді.

Дереккөз: ҚазАқпарат