Әлем жаңалықтары
ЖИТС зерттеу бойынша француз ұлттық агенттігінің ғалымдары ЖҚТБ жұқтыру қаупін азайтатын препарат жасап шығарғанын мәлімдеді. Сонымен бірге, дәріні жыныстық қатынас кезінде ішсе, оның тиімділігі еселеп артады деп жазады Independent газеті.
Мақалада дәрі туралы "ВИЧ-жұқпалы дертін жұқтырумен күресте үлкен жетістік" дейді. Ғалымдардың айтуынша, керемет дәрі еріктілерге беріліп, оның нәтижесі сәтті болған. Зерттеуге 400-ге жуық ер адам қатысыпты. Нәтижесінде препаратты қолданған соң ВИЧ-жұқпалы дертін жұқтыру қаупі айтарлықтай кеміген.
ЖИТС-пен күрес бойынша қорлар алдын ала шаралары үшін бұл дәріні барлық жерде қолдануға шақырады. Егер мұндай дәріні үзбей ішіп жүретін болса, бұл вирустың иммунодефициті профилактиксы мәселесінде денсаулық сақтауға жұмсалып жатқан шығынды едәуір азайтуға болады.
Бүгінге дейін әлемде 34 миллион адам - ВИЧ-жұқпалы дертін жұқтырушы. Оның көбі Эфиопия, Нигерия, ОАР және Зимбабведе. Жұқпаның ең көп таралу жолы мүшеқапсыз жыныстық қатынасқа түсуден болады. Жаңадан індет жұқтырудың тең жартысы көгілдірлер арасында.