Әлем жаңалықтары
Израильдегі Вейцман атындағы ғылыми-зерттеу институтының зерттеушілері диеталық сусындардың құрамындағы аз калориялық тәттілендіргіштің салмақтың артуы мен сусақтың (қант диабетінің) тууына себепкер болатынын мәлімдеді, деп хабарлады Day.Az FederalPost-қа сілтеме жасап.
Британиялық Daily Mail басылымы хабарлағандай, қантты алмастырғыш заттар жануарларда сусақтың алғашқы белгілерінің тудырғанын байқап, зерттеушілер тәжірибенің екінші кезеңін адамдардың қатысуымен жасаған. Олар жасанды тәттілендіргішті пайдаланған 400 адамды зерттеп, олардың организмінде өзгеріс болғанын аңғарған. Бұл адамдардың салмағы артып, глюкозаға төзімділігінің бұзылғанын байқаған.
Израильдік әріптестерінің зерттеу нәтижелерімен танысқан британиялық ғалымдар бұл нәтижеге мұқият қарауға шақырып, ең пайдалы сусын су екенін атап өтті.