Әлем жаңалықтары
17 тамыз 2014
Эбола безгегіне шалдыққан дәрігерлерге тәжірибелік вакцина егілді
Африкада Эбола безгегіне шалдыққан 3 дәрігер тәжиірбелік вакцинамен емделіп жатыр, деп жазады 24.kz.
Дертке шалдыққандар - екі либериялық және бір нигериялық дәрігер. Бұған дейін мұндай вакциналарды гуманитарлық ұйымда қызмет ететін АҚШ дәрігерлері мен Мадридте көз жұмған испандық дін қызметкері алған болатын. Олардың барлығы Либериядағы ауруханаларда жұмыс істеген.
Осыған дейін АҚШ-тан Либерияға Эбола дертіне қарсы «Зи-МАП» сынақтағы вакцинасының партиясын жеткізгені хабарланған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат