Әлем жаңалықтары
12 тамыз 2014
ДДҰ: Эбола вирусынан құрбан болған адамдар саны мыңнан асты
Эбола безгегінен құрбан болғандар саны 1013 адамға жетті, соңғы үш күнде Батыс Африка елдерінде 52 адам мерт болды. Бұл туралы ДДҰ-ның ақпаратына сүйенген Reuters хабарлады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола безгегінің таралуы халықаралық деңгейдегі індет екенін мойындады.
Осыған дейін АҚШ президенті Барак Обама мен Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті қадағалау бойынша басқарма Либерия билігінің Эбола вирусын жұқтырғандард емдеуге арналған тәжірибелі қан сарысуын жіберуді мақұлдады.
Дереккөз: ҚазАқпарат