Әлем жаңалықтары
Егер адам тұрақты түрде ацетилсалицил қышқылы - аспиринді қабылдап жүрсе, асқазанның қатерлі ісігіне шалдығу қаупі 48 пайызға азаяды екен. Бұл туралы шетелдік БАҚ жазады.
Бұл зерттеу америкалық ауруханалардың бірінде жүргізілген. Оған 1000-нан астам емделуші қатысыпты. Бұл зерттеудің нәтижесі Американың қатерлі ісікті зерттеу қауымдастығының Cancer Epidemiology, Biomarkers & Prevention басылымында жарияланды.
Meddaily.ru-дың жазуынша, аспиринді аз мөлшерде ішіп жүрген адамдардың қатерлі ісікке шалдығу қатері төмен болған. Ал, ішпей тастап кеткендердің бұл дертке шалдығу қаупі 3 есеге дейін өскен.
Айта кетейік, аспирин жүрек қан тамырларын емдеу кезінде емделушілерге күніне 75-325 мг мөлшерімен беріледі. Оны әр алты сағат сайын ішкен адам көп мөлшерде қолданған болып саналады. Кей адамдарға бұл дәрі кері әсер етеді.